Наоми Кемпбелл есірткіге тәуелділіктен қалай арылды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Есірткіге де тәуелді едім, араққа салынып кеткен сәттерім де аз болмады! 49-ға келсе де әлі подиумнан түспеген, мінсіз мүсінін қаз-қалпында сақтап, абыройы мен атағы қыруар қаржыға кенелткен Наоми Кемпбеллге қарап нағыз бақытты жан дерсің! Тек, супер сәнбике өзін бұл қатарға қоспайды.

Дәл қазір «қу тіземді құшақтап қалдым» дейді сылқым. Есірткі мен ішімдікке әуестігі болғанын да жасырмайды. Абырой болғанда, бұл теріс қылығынан бүгінде түбегейлі арылған. Дегенмен, ана атанып, сүйіктісінің ыстық сезіміне бөленіп жүрер сәттері алда екенінен үмітті.

Жүрегі сәтсіз махаббаттың салдарынан қырық тілім болған Майли Сайрусқа бақытты күндері қайта оралғандай. Сырқаттанып, аурухана төсегіне таңылған әншінің жабырқаулы көңілін жұбатуға сүйіктісі келді. 22 жастағы Коди Симпсон серенада айтып, Майлидің асты-үстіне түсіп әлек.

Мінсіз мүсінді, талдырмаш денелі нәзік сәнбике болсаң ғана сен «Victoria's Secret» періштесі атана аласың! Жоқ, бұдан былай плюс-сайз модельдер де атақты брендттің бет-бейнесі болуға мүмкіндігі бар. Сән үйі 52-ші өлшемді Али Тейт Катлермен келісім шарт жасасып та үлгерді.