Назима күйеу жігітін ата-анасымен таныстырмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әншіге құда түсіп, Мәскеуден арнайы келген серінің есімі кім?

Махаббаттан көңілі қалған аруды Назима тек бейнебаянында сомдап жүрген сынды. Әйтпесе, өмірде керісінше ғашықтықтың маздаған отына жаны жылынған жәйі бар ұқсайды.

Ресейлік таблоидтар әншінің жүрегін жаулаған серінің барын айтады. Тіпті, таяу күндері ол жігіт Қазақстанға арнайы ұшып келіп, Назиманың ата-анасымен танысуға барған деп жазады.

Сонымен, ол жұмбақ жігіт – Миша Марвин! Сері өзінің инстаграм парақшасында біздің елге Назиманың жақындарымен жүздесуге келгенін жазған.

Миша мен Назима «Счастье это...» фильмінің екінші бөліміне саундтрек жазғанды. Дәл сол «Моя мечта» композициясынан соң, олардың таныстығы нығая түссе керек.

Миша Марвин жеке өмірі жайлы сөз қозғай бермейді. Тек, бір байдың қызымен көңіл қосып, аралары суып кеткен тұста қатты қайғырғанын ғана еске алғанды сұқбаттарының бірінде. Назимаға да сәтсіз махаббат хикаясы тиесілі. Әнші тұрмысқа шығып, қызын босанған соң ажырасып кеткенді. Бүгінде, 3 жасқа толған ханшайымы Шымкентте Назиманың ата-анасымен бірге тұрады.

Назиманың 11-ші қазан Алматыда, 12-сі күні Нұр-Сұлтанда концерттері өтеді. Сол шараларға қатысу үшін елге келді десек, Миша Марвиннің жолы неге түскені білгісіз. Кестесінде, Қазақстанда өтетін ешқандай шара көрсетілмеген. Соған қарап, серінің «Назиманың ата-анасымен танысуға барамын» деген сөзінің жаны бар ма дерсің.

Назима – әнші

- Біз жәй ғана жақын доспыз, әріптеспіз. Бір-біріміздің әнімізді айтуды жақсы көреміз.

Дегенмен, Назима таяуда Ресейлік телеарналардың біріне берген сұқбатында, Миша екеуінің қарым-қатынасы достықтан әріге асқан жоқ деп қысқа қайырды. Кім білсін, бәлкім жеке өмірін әзірге құпия сақтауды жөн көрген шығар.