Қайрат Нұртастың әулеті ұлан-асыр той өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдарбековтер әулетінде ұлан-асыр той! Қайрат Нұртастың отбасы, Аянның қызының тұсау кесерін жасады. Бір қызығы, бұл айтулы салтанат әкелері Нұртастың туған күнімен тұспа-тұс келген.

Тойдың болғанынан, боладысы қызық! Нұр-Сұлтандағы қара шаңырақтарында той алды дайындықтарымен бөліскен отанасы Гүлзира Айдарбекова, «келіндерінің қолын ыстық суға малып қойғанын» көрсетті. Меймандарға жайылған дастарханның мәзірін түгел кәсіби аспаздар даярлап берген.

Бас қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен кенже немерелері Ақмөрдің тұсау кесер тойына Айдарбековтер әулеті тек ет жақындары мен өнердегі санаулы достарын ғана шақырған.

Таяуда, бұл әулетте тағы бір аламан той болатын сынды. Бұл жолы – шаңырақтарына келін түсуі мүмкін. Себебі, Жұлдыз Әбдікәрімова кенже қайнысы Заңғардың жүрегін жаулаған арудың барын айтып қалды.

«Той десе қу бас домалайдының кері!» Гүлзира Айдарбекова немересінің алғашқы салтанатын барынша қызықты ұйымдастыруға тырысқан.

Негізі, продюсер ханым, бес немересі десе, жанын қиюға да әзір. Соған сай, әрқайсысының шамшырағын жағуға барын салады. Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың ұл-қызын сахна төріне шығарып, өнерге баулып жатқанын білеміз. Алауды тіпті Гүлнұр Мамасарипова таспалаған телехикаяға да түсіріп үлгерді.

Жұлдыз Әбдікәрімова, Қ. Нұртастың жұбайы, актриса:

- «Сатып алдыңыздар ма?» - дейді. Өте күлкілі. Себебі, мен сатып алмақ түгілі, мен қызымның ол жерде өнер көрсететінін білген жоқпын. Мен қазірден бастап қызыма ондай нәрсенің бар екенін көрсететін болсам, ертең болашақта одан қандай үміт күтемін?

Қайрат пен Жұлдыз да ұл-қызының жан-жақты, заманауи тұлға болуы үшін көп күш салады. Тек, анасы сынды емес КН перзенттерін өнерден керісінше алысырақ болса дейді.

Қайрат Нұртас, әнші:

- Негізі мен балаларымды оқу жағына бергенмін. Бәрі жақсы мектепте оқиды. Ал ән, фортепиано, домбыра оның барлығы жай хоббилері болып қалады. Мен шынымды айтсам, өзімнің отбасымды, кішкентайларымды өнерге бергім жоқ.

Дегенмен, Қайраттың ұл-қызын сахнаға өзімен бірге алып шыққан кездері де болғаны мәлім.