Белла Хадид төл мерекесін дүркіретіп атап өтті

Сообщить о проблеме с эфиром

Белла Хадид төл мерекесін дүркіретіп атап өтті. Танымал сәнбике күні кеше 23 жасқа толған еді. Белланың ағасы Анвар сүйіктісі Дуа Липамен бірге, сәнбикеге тосын сый жасап, есте қаларлық мереке ұйымдастырған. Сонымен, туған күн иесі күндіз мейрамханада, кешкісін құрбыларымен түңгі клубта birthday party өткізді.

Анджелина Джолидің қызы Захара дизайнер атанды. 14 жастағы бойжеткен өзінің әшекей бұйымдар топтамасын ұсынды. Питт пен Джолидің ханшайымы жеке брендіне «Zahara Collection» деген атау берген.

Энджи қызының бастамасын қолдау үшін, «Малефисента: зұлымдық әміршісі» фильмінің тұсаукесерлеріне Захараның қолынан шыққан әшекей бұйымдарды тағып жүр.

Билли Айлиш корейлік «BTS» бойзбендімен коллабрация ұсынбақ. Аты алты құрлыққа мәшһүр кей-поп ұжымы жас әншімен дуэт құруға қарсы еместігін жеткізді.

Ортақ туынды желтоқсан айында жарық көруі мүмкін. Себебі, БТС пен Билли Калифорниядағы концерттердің бірінде өнер көрсетеді.