Димаш Құдайберген тағы бір бизнестің тізгінін ұстады. «DQ» иіс суының тұсау кесерінде әншінің өзі неге төбе көрсетпеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, жүргізуші:

- Былтыр өз атымен шәй шығарған Димаш Құдайберген, биыл тағы бір бизнес бастап отыр. Алдағы уақытта «DQ» атты парфюмді сіздер дүкен сөрелерінен кезіктіре аласыздар. Сол иіс судың тұсаукесері өтіп жатыр. Дегенмен, бас себепкер салтанатты шараға қатысқан жоқ. Оның себебі неде, бірге білеміз!

Қанат Айтбаев, Димаштың әкесі:

-Танымал адамдардың жалпы өзінің есімімен халықтың тұтынатын өнімдерін шығаруы әлемдік практика.

Осылайша әлемдік тәжірбиеге сүйене отырып, Димаштың ата-анасы ұлдарының есімін барынша брендке айналдырмақ ниетте.

Қанат Айтбаев, Димаштың әкесі:

- Парфюм де шығармашылық бағыттың бір тармағы. Ол да үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.

- Димаштың бүгінгі салтанатты шараға келмеуінің басты себебі ол Нью-Йорктағы концертке дайындық. Дайындық қалай болып жатыр?

-Димаштың халықаралық бағытта деген көптеген концерттері жоспарланған. Сондықтан, алдымызда 29 қарашада Ресейдің мәдени қаласы Санкт-Петербург қаласында концерт өтеді. Одан кейін 10-шы желтоқсанда Нью-Йорк стадионында концерт өтеді. Соған үлкен дайындық жүруде.

Қазақ шоу бизнесін әлемге танытамын деп демалыстарынан да, осындай қуаныштарынан да қағылған Димаш Алматыға ақыры келе алмады. Ал оны көруге, кезекті тұсаукесерімен құттықтауға ниеттенген әріптестері мен жанкүйерлері көп еді. Бүгін олар оның есімімен шығарылған иіс суын алып қайтты. Бір данасы 35 мың теңге.

Қарлығаш Керемтаева, Димаштың жанкүйері:

- Мен ойламаймын ол өте қымбат емес деп, бұндай сапалы нәрсеге алу үшін болады, Димаш үшін алуға болады. Димаш деген елімізді, жерімізді танытып жүргенде, біз иіс су ала алмаймыз ба?

Dears-тарға қарағанда, әншінің әріптестері оның жаңа бизнесінен бейхабар болып шықты.

«Меломен» тобы:

- Парфюмнің иісін көрдіңдер ме?

- Әлі көрген жоқпыз, қазір көреміз.

- Менде бар көрсетейін сендерге.

- Осы шығып тұрған иіс па?

- Сезіліп тұр ма?

- Алыстан сезіліп тұр, уже бренд қой.

Болашаққа қазірден бағдар жасап жатқан жігіттер иіс судан гөрі, сахнаның тіршілігіне алаңдаулы. Димашты барынша қолдауға тырысты. Әндерін орындап, тұсау кесерге келгендердің көңілін аулады.

Дәулет Омарқұлов, компания басшысы:

- Тұсаукесер құтты болсын! Дәке, Димашты қандай иістермен байланыстыруға болады?

-Димашқа ешқандай иіс жетпейді деп ойлаймын. Бүкіл әлемдегі иістерді қоссақ та, Димаштың иісі шықпайды-ау деп ойлаймын .

- Бірақ, сіздер сонда да жасап шығардыңыздар, құрамына не кіреді?

Біз жасап шығарғаннан бұрын ұқсас бірдеңе жасап шығаруға тырыстық. Қолымыздан келгенше. Иісі енді керемет иіс деп ойлаймын. Ең бірінші Димаштың өзіне, әке-шешесіне, жақындарына ұнайды.

Тұсауы жаңа кесілген DQ иіс суы нәзік жандылар мен ерлерге арналып, екі түрде шығарылған. Көршілес 5 мемлекет тұтынушыларына ғаламтор арқылы саудаланады. Әзірге, шығармашылық топ бар назарды алдағы концерттеріне аударыпты.

Сәкен Майғазиев, «МузАРТ» тобының мүшесі, әнші:

- Міндетті түрде ғажап болады ғой. Дималектің әр сахнаға шығуы дайындық деп ойлаймын. Кейбір адамдар сұрап жатады, қазақ екенін білдіретіндей қандай дүниелер болуы мүмкін дейді. Домбырадан артық не керек?! Қазақша амандасса, қазақша әндер шырқап жатса. Бұрындары Қазақстанды, Назарбаев, Головкин деп таныса, қазір құдайға шүкір Димаш деп таниды.