BILLBOARD 100 үздіктері кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемдегі ең әйгілі Биллборд басылымы, музыкалық чарттардан түспей, тыңдалымы жағынан топ жарған туындылар тізімін ұсынды! Бұл көшті Трэвис Скот бастайды! Адуынды хип-хоп орындаушының «Highest in the room» әні ең үздік.

Сүйіктісі Кайли Дженнермен уақытша ажырасқан рэпер, бұл туындысын ғашығына арнағандай. Тректің мәтінінде, «Мен жиі іссапарларға шықтым. Алайда бұл саған ұнамады» деген тіркестер кездессе, бейнебаянда Кайли мүсініндегі бұлттарды байқай аласыз.

Джастин Бибер болса, су жаңа әнінде «ғашығыма 10 000 сағат арнасам да, өте аз» дейді! Музыканттың «Dan + Shay» дуэтімен шырқаған «10.000 Hours» трегі дәл осы махаббат тақырыбында. Шығармашылық үштік, туындыға бейнебаян да таспалап үлгерген еді.

Кіл мықтылар арасында Post Malone да бар! Хип-хоп орындаушы су жаңа «Circles» бейнебаянында сауыт киген батыр атанып, таңқалтқан еді. Енді, міне аталмыш әуен ең тыңдалымы жоғары туындылар қатарында.