Қайрат Түнтеков неге уәдесінде тұрмайды? Әр ісіне тиянақты Динара Сәтжанға да «Түнтеков вирусы» жұққан ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Үйленемін!» деп уәдені үйіп-төгу тек Кенталдың әдеті емес. Әлішер Кәрімов те «осы жылдан қалмай шаңырақ көтеремін» деуден жалықпайды. Тіпті, өзінше интрига жасап, «қалыңдығын» халыққа көрсетіп қоятын сәттері де бар.

Әлішер Кәрімов, әнші:

– Бейнебаянымда қалыңдығымды сомдаған ару жайлы жұрт көп сұрайды. Енді, ол қызды экрандардан көбірек көрсетуге күш саламын. Менің жанымнан да жиі табылатын болады.

Ақыры, актриса Диора Романованың өзі бұл жәй ғана «хайп» болған деп, Кәрімовтың өтірігін әшкерелеп берген еді.

«Өз алдыңа қашан отау құрасың?» деген сауал сүрбойдақ Қайрат Түнтековтің де қыр соңынан қалмайды. Соңғы сұқбатында, сүйіктісін жолықтырғанын айтқанды.

Қайрат Түнтеков, әнші:

-«Любовь с первого взгляда!» Бір көргеннен ғашық болып қалдым!Өте жақсы қыз. Сұлу, сымбатты. Ақылды ең бастысы.

Жақында бір шаңырақтың отағасы атанамын дегеннен өзге, шоу-концерт жасаймын, ауқымды сайыстарда бақ сынаймын, үнтаспа шығарамын деп уәдені үйіп төккені тағы бар.

Қайрат Түнтеков, әнші:

- Үлкен шоу-концерт болады. Ол жерде мені басқа образда көресіздер. Үнтаспа жазылып жатыр. Оның ішінде жеті-ақ ән болады.

Динара Сәтжан бизневумендер жайлы кітап жазып, тұсауын кесуі қажет еді.

Динара Сәтжан, тележүргізуші, бизнес-вумен:

- Мен 10 кәсіпкер әйелдер туралы жазамын. Алматыда 5 әйелден сұхбат алдым. Менің ойымша, күзде мүмкін қыркүйек айында тұсаукесер тойын өткіземіз. Сізді шақырамын, міндетті түрде.

Күздің ортасы болса да, кітап тіпті баспаға да берілген жоқ. Ал, Айдана Меденова «Өзге» деген топты халыққа таныстырып, қанатымның астына алып, шоу-бизнес көгінде қалықтатамын деп еді.

Айдана Меденова, әнші:

- Енді, тобымыздың, «Өзге» тобының шығармашылығын көтеруге тырысамыз. Екі бейнебаян түсіреміз.

Дегенмен, Айдана Меденова да «құр шөппен ауыз сүртіп» жүрген боп шықты.