Мөлдір Әуелбекова өзі продюсерлік еткен «Nazar» тобына неге көңіл аудармай жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи туындысында, Тұмар патшайымның бойжеткен шағын сомдаған Салтанат Серкебаева - «Nazar» тобының әншісі. Мөлдір Әуелбекова продюсерлік ететін гелзбендте жүріп, фильмге іріктеліп алынғанды. Салтанат бір жылдан астам түсірілім алаңында жүргендіктен, ұжымның жұмысы да тоқтап тұрған көрінеді.

Салтанат Серкебаева, «Nazar» тобының әншісі:

- Біз осы 2018 жылы, ақпан айынан басталды менің түсірілім уақыттарым. Дайындық уақыттары болды арасында. «Nazar» тобының жұмысы сәл тоқтап қалды сол уақытта. Сол уақытта шыдамдылық танытқан, қасымдағы үш аруға үлкен-үлкен алғысымды айтамын.

Алғаш актриса атанған Салтанат көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп қана қоймай, киногерлердің де көзіне түсіпті.

Салтанат Серкебаева, «Nazar» тобының әншісі:

- Әр түрлі ұсыныстар түсіп жатыр жобаларға. Ол жағын енді, продюсермізбен ақылдасып таңдайтын боламыз. Осы инстаграм желісіндегі оқырмандар саны көбейді фильм шыққаннан кейін. Өзімнің белігі бір жанкүйерлер қауымы көбейді.

Салтанат бүгінде «Nazar» тобының жұмысына қайта оралды. 4 қыздан құралған гелзбенд кезекті бейнебаяндарын продюсерлері Мөлдір Әуелбековасыз таспалауда.

«Nazar» тобы:

- Кішкене шынымен де бізге уақыт таппай жататын кездері болады. Себебі, ол кісінің басында енді жұмысы көп. Информация көп, ақпарат көп.

Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт»-те бөлім басшысы орынтағына жайғасқалы, продюсерліктен де, жеке шығармашылығынан да біраз қол үзіп қалған. Әнші өзімен қатар, «Nazar» тобының бұрымдыларын да мемлекеттік қызметке орналастырыпты.

«Nazar» тобы:

- Осындай жас кезімізде, мемлекеттік қызметкер атанамыз дегенді естігенде өте қатты қуандық. Себебі, әр түрлі жастағы адамдар, әр түрлі уақытта мемлекеттік қызметке келіп жатады. Жас топтар, жас қыздардың арасынан, мемлкеттік қызметкер біз бірінші болып жұмыс жасап жатқан сияқтымыз.

Таяуда «Nazar» тобы екі жылдық мерейтойын атап өтпек. Жеке концертті де, жаңа бейнебаянның тұсаукесерін де сол уақытқа жоспарлап отыр.