«Айдаһардың құпия мөрі» фильмі айналасында неге дау туындады?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Айдаһардың құпия мөрі» фильмінің дауы жалғасуда. Қытай мен Ресей елдері бірігіп таспалаған фэнтези авторлары бір-бірімен соттасып әлек. «Оған лентаның уақытылы прокатқа шықпауы мен қате жарнамалар себеп болды» дейді, - туынды продюсері Алексей Петрухин.

Еске салсақ, картина, кинотеатрларға екі жыл бұрын шығуы тиіс еді. Бұл жағдай тіпті, кассалық табысқа да әсер еткен. Оған қоса, фильмнің Ресейдегі көрсетіліміне Джеки Чан мен Арнольд Шварценеггер келуден бас тартқан-ды.

«Фантастикалық құбыжықтар - 3» лентасы түсірілім жұмыстарын кейінге шегерді. «Warner bros» киностудиясының 2020-ға жоспарланған картинасы, тағы бір жыл көрерменін күткізбек.

Себебі, фильмнің сценарийі әлі күнге дейін аяқталмаған. Киногерлер жыл соңына дейін сюжет желісін толықтай әзірлейміз деп отыр. Лентада әдеттегідей Эдди Редмэйн, Эзра Миллер қайта бой көрсетеді. Ал, тұсаукесер 2021-ші жылы 11-ші қарашаға бекітілді.

Вин Дизель суперқаһарман атанды! «Форсаж» жұлдызы «Бладшот» атты фильмге таңдалған. Алғашқы трейлері жарық көрген картинада, 1990-шы жылдардағы комикстар негізінде пайда болған батыр сарбаздың хикаясы баяндалған. Режиссер Дэйв Уилсон жетекшілік еткен лента, 2020-да үлкен экрандарға жол тартады.