Марйам Сатай ТОП актриса! Бойжеткен әкесінің көмегінсіз үздіктер қатарына ене алар ма еді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Марйам Сатай соңғы кездері үлкен экрандардан жиі көзге түсуде. Ақан Сатаевтың 20 жастағы қызы 2016 жылы алғаш «Районы» фильмінде бас кейіпкерлердің бірін сомдады.

Оған қоса, Әсел Сәдуақасованың «Семьянин» комедиясында да ауқымды рөл бұйырған еді. Марйям жас актриса ғана емес, «Nomad Stunts» ұжымының касскадері. Бойжеткеннің таланты тіпті өнердегі әріптес ағаларының көңілінен шыққан.

Әділ Ахмет, актер:

- Кинолардан міндетті түрде, әріптесіміз болған соң қараймыз. Мен мысалы. Марйам қарындасымыздың кинодағы рольдері бір төбе. Одан кейін оның атқа, жылқыға қызығып,тсоның үстінде әртүрлі трюктарды үйреніп қазір кәдімгідей кез-келген каскадердан кем орындамайды, осы жағынан сол қарындасыма өте риза, тәнті болдым.

Санжар Мәди, актер:

- Марйамның касскадерлық қабілеті мені таңқалдырды. Өте жақсы дайындықтан өткені көрініп тұр. Әкесінің арқасында, жұмыссыз қалмайтыны анық.

Санжар Мәдидің айтуынша, Марйам Сатайдың болашағы зор. Ал, актерлар арасында Санұржан Сүлейменов талай киногердің батасын алған.

Марат Оралғазин, тележүргізуші, шоумен:

- Санұржан жақсы актер мен үшін жастардың ішінде, жалпы Ақан Сатаевтың «Мың бала» деген киносы шықты ғой сол жерде үлкен плеяда пайда болды, жақсы актерлердің жақсы рольдерін сомдаған жаңа леп болды содан, Аян Өтепбергенов, Асылхан, Артур Төлепов.

Туындыларында талай таланттың шамшырағын жаққан Ақан Сатаев болса, кино индустрияда жүрген жас актерларды бөліп жармады. Киногер әрқайсының өз орны бар деп отыр.

Ақан Сатаев, режиссер:

- Көп Аллаға шүкір бізде жас актерлеріміз көп. Енді қазір мына жерде тұрып алып анау жақсы, мынау жаман деп айту кішкене дұрыс болмайды мен жағынан..