Кім мықты? Киноакадемия «Оскарға» үмітті актерлар тізімін жариялады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Атағы жер жарған «Оскар» марапатына үмітті актерлар есімі анықталды! Жылдың ең елеулі шарасынан мүсіншені қолтықтап қайтамын деп, сенім артқандар көшін Леонардо Ди Каприо бастайды. Оның «Однажды в Голивуде» картинасындағы рөлін, қазылар алқасы жүлдеге лайық деп таныған.

Ал, Леонардоға, «Маяк» картинасымен Роберт Паттинсон, «Прекрасный день по соседству» фильмімен Мэттью Райс және «Два папы» лентасымен Джонатан Прайс бәсекелес атанбақ. Актерлардың барлығы, «үздік актер» атанамыз деп, құлшынып отыр.

Байқағанымыздай, бұл тізімге Хоакин Феникс іліге алмапты. «Джокердің» тұсауы кесіле сап, киносыншылар қауымы актер «Оскарды» еншілеуі мүмкін деп болжам жасаған еді.

Сондай-ақ, Брэд Питт, Том Хэнкс, Уиллем Дефо мен Энтони Хопкинсте мүсіншені көздейді. Бұл екінші пландағы үздік актер» аталымынан үміттілер тізімі.