Баян Алагөзова қыздарының қысқа белдемшесіне сын айтатындарға жауап берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Баянның әр басқан қадамы – халықтың жіті назарында. Тіпті, продюсердің жанкүйерлері ғаламтор арқылы қыздарының жеке өмірін де қатаң бақылауға алған. Мәселен, бүгінде Алагөзованың кенжесі инстаграмдағы 705 мың фалловерімен мақтана алады. Алайда, Мақсатқызы әлеуметтік желіге қатысты ханшайымдарына қандай бір шектеу қоюдан аулақ.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Менсіз де, өмірдің тыйымдары жетерлік. Көптеген нәрселерді істеуге болмайды, белгілі бір дүниеден шектеуің керек. Сондықтан, қызыма былай істе деп, еркіндігіне тұсау салғым келмейді.

Ал, қарақұрым оқырманының ашуына тиетіні – Айарудың қысқа етек киімдері. Бойжеткенді комментарий арқылы бірі сөзбен сыбаса, енді бірі қарғап-сілеуден де тайынбайды. Осыған қатысты Алагөзованың өзі хейтерлерге жауап беруді жөн көрді.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Қыздар жас, әдемі кездерінде қысқа белдемше кимегенде қашан киеді? Мысалы, мен де қысқа киемін. Меніңше, адамның жақсы не жаман болуы оның көйлегінің ұзын-қысқалығына байланысты емес. Ұзын, қарапайым киініп жүріп те жаман нәрселерді істеуге болады.

Роза Рымбаева да ұлдарының әр ісі үшін, ел алдында жауапты екенін жақсы біледі. Сондықтан халық әртісі атұстарларының желідегі парақшаларын жіті бақылайды.

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

- Енді, Әли мен Мәдидің өмірі менің өмірім ғой. Бәріміз музыкантпыз, бәріміз кәсіби маманбыз, біздің шығармашылығымызды халық жақсы біледі.

Есесіне, Нағима Есқалеваның ұлы Диас Абылаев анамның атына кір келтіремін деп еш алаңдамайды. Себебі ол, желіге қандай жазба қалдырмақ түгілі, бейнебаянында қыз болып киінсе де ет жақынының қолдау танытанына сенімді.

Диас Аблаев, әнші:

- Менің анам заманауи адам. Иә, басында шығармашылықпен айналысқанымда аздап қарсылық білдіргені рас. Кейіннен мені түсініп, инстаграм болсын, басқа болсын әр сәтте қолдау бастады.