Канье Уэст су жаңа альбомын ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі рэпер бұл жинақты «Jesus is king» атты фильмінің құрметіне арнаған. Музыкант дәл осы еңбегінің жарыққа шығу процесін деректі картина етіп таспалапты. Каньенің үнтаспасы басы-қасы 11 тректен тұрады. Ал рэпердің деректі фильмі қараша айының 8-нен бастап үлкен экрандарға жол тартады.

«Coldplay» тобы жуырда тұсауы кесілетін альбомының алғашқы трегіне бейнебаян түсірді. Британдық рок ұжым «Orphans» туындысының кадрларын жеке мұрағаттарынан жинаған. Музыкант Крис Мартин бастаған топ аталмыш трек енген «Everday life» жинағын келер айдың соңына жоспарлап отыр.

Tyler, The Creator мектеп оқушыларына ретро кеш өткізді. Музыкант дәл осы тақырыпта өзінің «I Think» трегіне клип таспалаған. Америкалық әнші су жаңа бейнебаяндағы образдарды өз топтамасынан таңдап алған. Сері, дизайнер ретінде коллекциясын осылайша таныстыруда.