Қайрат Нұртас үлкен сахнаға қалай жол салды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған «Бала дауысы» ұлттық байқауына іріктеу онлайн-форматта жүргізілді. Алғашқы тыңдалымнан сүрінбей өткен 17 жас өнерпазды, отандық шоу-бизнестің кіл мықтылары әр аймақтан таңдап алған-ды.

Ziruza, жас әнші:

-Негізі таңдау өте қиын болды. Себебі, балапандар өте көп, әрқайсысы өте талантты, барынша құлшынып, өнерлерін көрсетті. Біз былай да, былай да ойланып, әйтеуір соңында бір шешімге келіп, Өскеменнен бір қызды таңдадық.

Байқаудың тәлімгері атанған танымал әншілер, бірнеше ай бойы балақайлармен дайындықта болған. Жеткіншектерге бағыт-бағдар беріп отырған жұлдыздар қауымы, бүлдіршіндерге аса ауыртпалық салмағанын айтады.

Әли Оқапов, әнші:

-Менің ойымша, жалпы баладан ең біріншіден, үлкен әртіс, үлкен әнші жасамау керек деп ойлаймын. Бала бала болып қалу керек. Өйткені, жалпы көрерменге баланың балалығы тартымды болып көрінеді. Өйткені, кей кездерде өкінішке орай, кейбір жетекшілер өз балаларынан шынымен де, халық әртісін дайындағандай болады да.

«Бала дауысының» қадірлі қонағы болған Қайрат Нұртас та жастайынан түрлі музыкалық жобалардың қатысушысы атанғанын жасырмайды. Әнші анасының жетектеуімен жұлдыз болу үшін біраз жердің табалдырығын тоздырдым деп отыр.

Қайрат Нұртас, әнші:

-Кезінде бізде бір осындай кешке қатысу үшін қаншама билет сатып, анамыз екеуміз жүгіріп, қатыссақ болама ма оған әнің өте ма, өтпей ма, сондай бір мәселелер көп болған. Ал, қазірге қолымыздан келгенше менің көргенімді, кейінгілер көрмесе екен деймін.

Ал, ақтық сынға жолдама алған таланттардың өнерін Маржан Арапбаева, Динара Сұлтан және Дастан Оразбеков бағаласа, көрермендер дауыс беру арқылы өз фаворитін анықтаған.

Мәдениет министрлігі, Тұңғыш Президент қоры және «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырған ән сайыстың гран-при иегерін Әлия Назарбаеваның өзі марапаттады. Жеңімпазға Токиодағы «Диснейлендке» жолдама берілді. Бұған қоса, жоғарғы оқу орнының грантын ұтты.

Республикалық ән байқаудың үздігі Мейрамбек Шалхарбай. Түркістан қаласынан келген бозбалаға Балжан Бидаш жетекшілік еткен.

Bidash, әнші:

-Егерде мен тәлімгер болмасам да Мейрамбектің қолдаушысы болар едім немесе басқа қалаға тәлімгер болсам да мен бәрібір де Мейрамбекті мойындаушы едім. Мейрамбектің болашағы өте жарқын болатынына сенемін, тек оған тілерім өскенше аянбай еңбек етіп әлемдік деңгейге жетуіне тілектеспін!