Денис Теннің қайғылы оқиғасы фильм таспалануына себеп болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, @nursultan_yeszhan

-Найти уандық ACE пен Аян Өтепберген қылмыскер! Ал, Элизат Берікова олардың сыбайласы болуы әбден мүмкін! Дәл, осындай сюжет желісінде таспаланған «Зеркала» фильмі көрерменмен қауышуға әзір. Үлкен экранға жол тартқан лентаны, мен де бірінші болып тамашалауға келдім!

Су жаңа лентаның сюжетінде – ауылдан қалаға көшіп келіп, еріксіз қылмыс әлеміне еніп кеткен жігіттер оқиғасы баяндалады. Қаржыдан қысылған жастар, өзгенің ала жібін аттап, автокөліктің айналарын ұрлауға көшеді.

Рашид Сүлейменов, режиссер:

– Біздің білуімізше, бұл Денис Тенмен, біздің бейбіт елдің батыры марқұмымен орын алған жағдайдан кейін туындаған идея бұл фильм. Солай емес пе?

-Осы тақырыпта кино түсіруі ойы ол оқиғаға дейін туындаған. Мысалы, бірнеше рет көлігімнің айналарын ұрлап кеткен. Алайда, идея ұзақ уақыт өңделіп, сценарийге айнала алмады. Бірақ, өткен жылғы трагедиядан соң, сценарий бірден жазыла кетті. Туындым, жастарды ойландырар деп үміттенемін.

– Біз де солай ойлаймыз. Көптеген жастарға ой салады. Бәлкім сіздің фильміңізді көретін адамдардың ішінде сол ұрлықпен айналысып жүрген адамдар боп қалар. Кім біледі?

- Мүмкін.

- Рашид, фильміңізге танымал адамдарды түсірдіңіз. Оларды шақыруыңыздың себебі?

- Біріншіден, олардың ауқымды аудиториясы бар. Солар арқылы көпшілікке картинамыздың месседжін жеткізуді көздедік.

- «Ninety One»-ның мүшелерінен, ACE-ты алдыңыз. Неге ACE өтті?

- «Ninety One»-ның продюсері Ерболатпен көп жылдан бері таныспыз. Киноға қатысты идеямды айтып, күш біріктіруді ұсынғанда, бірден қолдады. Топтың жанкүйерлері қазіргі жастар болғандықтан, олардың аудиториясына да фильмді жеткізу маңызды болды. Ал, ACE-ты Ерболаттың өзі ұсынды.

Ал, тұсаукесерде, ACE-тың жанынан Ерболат Беделхан мен «Ninety One» мүшелері табылды. Тіпті, бұл күні Азаматтың боевик бағытындағы дебютын иглз да құттықтауды жөн көріпті.

Азамат Ашмақын, «Ninety one» тобының мүшесі:

-Өз рөлімді дұрыстап ашуға тырыстым. Оған қоса, динамикасы, эмоциясы, позициясы және режиссер өзі сондай кісі да, 1-2 дубль, 3-4 дубль емес, 15 дубльға дейін істете береді де, адамды толықтай ашылдыруы үшін. Негізінде менің ойнағаным өзіме қатты ұнады деп айта алмаймын, бірақ барынша тырыстым.

ACE-тың картинадағы ағасы – Аян Өтепберген де премьерада бой көрсетті.

Аян Өтепберген, актер:

- Қалай шығыпты, жалпы фильм және өзіңнің сомдаған рөлің. Өзіңнің ойыңша?

- Өз сомдаған рөлім туралы айтпай-ақ қояйын. Айта алмаймын, оны әріптестерімнен сұраған дұрыс сияқты. Ал, фильм жалпы, өзінің миссиясын орындаған сияқты.

- Көруге тұрарлық фильм? Мені қызықтырсайшы.

- Кароче анандай жерінде мынандай момент бар. Менде сүйісетін сахна бар.

- Қойшы? Барма?

- Бар, бар.

- Кіммен сүйсесің?

- Айтпаймын, оны көру керек.

– Сен бұған дейін кілең тарихи киноларға түстің. Бұл жолы қалай болды, түсірілім барысы, қандай ерекшеліктер, өзіңе ұнады ма?

- Маған бұл жерде бір ұнағаны, мен барлық нәрсені фильмде басты кейіпкер ертінде барлық нәрсеге өзім қатыстым. Үшінші этаждан троспен сырғанап түсетін сахналардың бәрінде өзім қатыстым, өзім болдым.

- Каскадер жоқ па? Неге?

- Жоқ каскадер емес. Мен өзім түскім келді, өзім жасаймын.

Ал, Аян өзі айтып отырған сүйісу сахналарын Элизат Беріковамен орындаған. Экс-кешьюлік ару фильмде бай бағланның «тоқалы» кейпінде.

Элизат Берікова, әнші, актриса:

– «Зеркала» фильміне түсіп жатқан кезіңде сенің балаң әлі қырқынан шықпаған еді, солай ғой. Түсірілім барысындағы қызықтар туралы айтшы.

- Ой қиын болды.

-Балаңды алып жүрдің ба бірге?

- Баламды иә менімен бірге жүрді. Сол 30 күн болды сьемка, соның 26-27 күнін менімен бірге болды.

- Күйеуің ше бірге жүрді ма?

- Күйеуім жоқ.

- Кино түсіру оңай емес, таңнан кешке дейін. Тіпті, түнгеде қалып кетесіңдер. Күйеуің қызғанған жоқ па?

- Әрине қызғанды. Ол таңғы сағат сегізде жұмысқа кетіп бара жатқан кезде, мен енді үйге кіріп келе жататынмын жұмыстан. Сонда битіп, қарап өтіп кететін маған. Айтатын, не деген сьемка азанға дейін бітпейтін.

Ал, өзекті тақырыпты ту еткен «Зеркала» картинасы 31-ші қазаннан бастап үлкен экрандарға жол тартады!