Экс-« КешYou»-ліктер ән айта алмады! Баян Мақсатқызы қазіргі құрамды бұрынғылардан артық санайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әрдайым креативімен көзге түсетін «КешYou» тобының кезекті бейнебаяны қызу талқыға түсуде! Тыңдарманның басым бөлігі, тректі той әніне балауда.

- Тойский өлең ғой!

-Нағыз тойға шығатын ән болыпты, «КешYou»- дің кыздары тойдын хиті болады.

- Баян той әндерін менсінбей жүруші еді.....

Баян Алагөзова, продюсер:

- Бұл бейнебаянды әніне сай, таспаладық. Ырғақты әуен, жарқын түстер, қысқасы көңіл-көтеретін туынды. Сюжеті қалжыңға құрылған.

Сондай-ақ Баян Мақсатқызы, «КешYou»-дің қазіргі құрамына қатысты да өз ойын ортаға салды. Продюсердің пікірінше, топтағы қыздар, бұрынғыларға қарағанда, вокалдық қабілеттері әлдейқайда жоғары.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Біздің топта әрдайым екі қыз әнді жақсы айтса, бірі айта алмайтын, немесе керісінше болатын. Мұны жасырмаймын. Алайда, қазіргі құрам топ тарихындағы вокалдық жағынан ең мықты.

Кәмшат Жолдыбаева, Жанар Дұғалова, Айдана Меденова, Мөлдір Әуелбековалар дәл осы топтан түлеп ұшқан еді. Алагөзованың айтуынша, экс-кешьюліктер ешқашан жанды дауыста ән айтып көрмеген.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Қазіргі қыздар топ тарихындағы жанды дауыста айтатын алғашқы құрам. Бұған дейін ондай болмайтын. Сондықтан, техникалық жағынан мүмкіндік болса, біз әрдайым жанды дауыста ән шырқауға тырысамыз.

Осылайша, қарамағандағы қыздарға үлкен сенім артқан Мақсатқызы, болашақта ауқымды жобаралды жүзеге асыруға дайын.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Қыздарды мақтаудан да, даттаудан да аулақпын. Біз енді жұмысты бастадық. Жоспар көп, барлығы уақыт еншісінде.