Масайып қалған Эмили Кларк Бейонсенің алдында ұятқа қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бейонседен ұят болды! Эмили Кларк Джей Зи мен Бейонсені алғаш көргенде, еңіреп, етегі жасқа толғанын еске алды! «Оскар» марапатынан соң, аздап ащы судан ұрттап алған актрисамен таныспақ болып, жұлдызды жұп жанына келген. «Айдаһарлар анасы» Дайенеристен тұщымды әңгіме тыңдаймыз деген шығар, бірақ көз жасымды тия алмай алдырында ұятты болдым дейді Эмили!

Қызыл кілем, жарқыраған софит пен жүздеген камера алдында жүріп, ең әдемі жұп атанған Блейк Лайвли мен Райан Рейнольдстың шынайы бет-бейнесін көрген көпшілік шошынды. Таяуда ғана қызды болған жұбайлар серуенге шыққанда, папарацци олардың жолын тосқанды. Екеуінің сырт келбеті жаһандық деңгейдегі жұлдыз емес, құдды хиппи дерсің... Ұсқынсыз болғанымен, аса бақытты екендері байқалады.
Полина Гагаринаның ерік-жігерінің мықтылығы, көпті тамсандырмай қоймады! Сылқым босанған соң 25 келі салмақ тастаған. Басты құпиясы уақытылы әрі жеңіл тамақтану болған. Алақанға сиымды мөлшерде ғана ас-ауқат ішіп, спортты серік еткендіктен, мінсіз мүсінін қайтарып алды.