K-pop жаңалықтары!

Сообщить о проблеме с эфиром

K-pop әлемінде жағымды жаңалықтар да жетерлік! «Жігіттің екі сөйлегені өлгені, айттық па, орындаймыз» дейді Monsta X-тық серілер. Бойзбенд күллі жанкүйерлерін жарқын камбэкпен қуантатынын жеткізген еді. Енді, міне Monbebe-ні көп күттірмей, ұжым тың туындыларымен қуантуда.

EXO тобы да, табынушыларын тағатын тауысуға құлықсыз! Жігіттер алтыншы студиялық жинағын қарашаның соңында тыңдарманға тарту етпек. Еске салсақ, мемберлер дәл қазіргі сәтте «EXO PLANET # 5 - EXplOration» атты турнесі аясында әлемді аралауда!

Ал, BTS тобы Radio Disney-ге сұхбат берді! Ашық әңгіме барысында, бойзбенд, Эд Ширанмен достық қарым-қатынастары туралы сөз қозғады. Жігіттердің айтуынша, британдық әнші мемберлерге барынша қолдау көрсетіп тұрады екен. Одан бөлек, бантандықтар Lizzo, Billie Eilish пен Travis Scott-тың әндерін сүйіп тыңдайтынын жасырмады.