Көптен күткен Kazakhstan Fashion Week өз мәресіне жетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тележүргізуші:

- Kazakhstan Fashion Week-тің мерейтойлық мауысымы да өз мәресіне жетпек! Еске салсақ, сән апталығының құрылғанына биыл 15-жыл. Бұл жолы, жоба ұйымдастырушылары халықты әсемдік арқылы экология тақырыбына көңіл бөлуге шақырған еді.

Fashion апталықтың соңғы күні, алғаш болып «Lariya» топтамасын таныстырды. Сәнбикелермен бірге, үлгілердің авторы да сахнада төбе көрсеттті.

Лария Джакамбаева, дизайзнер:

- Биылғы KFW маусымының тақырыбы «экология». Жоба ұйымдастырушылары дизайнерлердің бүкіл үлгілері табиғи болады деген еді. Сіздің топтамаңыз осы тақырыпқа сай келе ме?

- Әрине. Мен үшін Тибет табиғат жағынан ғана емес, ой, жан, өмір тазалығы деп түсінемін. Ондағы елдер кедейлігіне қарамастан, бақытты. Бізге де дәл солай өмір сүруге не кедергі? Одан бөлек, топтамам табиғи өнімдерден жасалған.

– Британдық әріптесіңіз туралы білетін шығарсыз. Вивьен Вествуд деген. Оның әр көрсетілімі бір қарсылық алаңына айналады. Экология тақырыбын да көтерген еді. Өз ойыңыз сол туралы.

- Меніңше, бұл тақырыпты көтеру міндетіміз. Дизайнерлер киімдері арқылы көпшілікке әсер ете алады, сондықтан да өте дұрыс. Мысалы, біз пластик пакеттерден бас тарттық. Киімдерімізді тек қағаздан жасалған сөмкелерге салып береміз.

Одан бөлек, бұл кеште «Tosi», «JARKYNBAIMAKHANOV», «DI Siitova»,

«Suhrob Habib» брендттерінің де үлгілері ел назарына ұсынылды. Айтпақшы, енді жігіттер қауымы да сәнді киіне алмақ! Себебі, тұсауы кесілген туындылардың басым бөлігі – ерлерге арналаған.

Жарқын Баймаханов, дизайнер:

- Менің білуімше, сіз әйелдерге арналған киім тігуші едіңіз. Қазір қарап тұрсам, ер адамдарға тіге бастағансыз ба?

- Иә, мен әйелдерге арналған киімдердің дизайнерімін. Алайда, KFW биылғы маусымын «қайта жаңғыру» кезеңі деп жариялағансоң, брендті де осылайша жаңартуға тырыстым.

Ал, ұйымдастырушылардың айтуынша дизайнерлердің үлгілерін «жаңғырту» оңайға соқпаған. Мәселен, Алекс Чжен тіпті Аида Кәуменова сынды шебердің коллекциясын әзірлеуге өзі көмектескен.

Алекс Чжен, дизайнер, «KFW» ұымдастырушысы:

-Байқағандарыңыздай, кей дизайнерлер апталыққа қатыспады. Оларға үлгілеріне қатысты қатаң талап қойдық, кейбірі орындай алмады. Себебі, қазір саны көп сапасы жоқ сәнгерлер қаптап кеткен. Мақсатымыз, олардың санын азайту.

Кіл мықтылар арасынан, ең үздіктері төбе көрсеткен бұл апталық келген қонақтарға ұнағандай. Мәселен, мұндай меймандар арасында «Jah Khalib»-тың анасы да бар.

Ләззат Мамедова, «Jah Khalib»-тың анасы:

-Топтамалар ұнады. Сән апталығының тақырыбы да өзекті. Әрине, мен киім сатып аларда оның матасына мән беремін. Табиғи мақтадан жасалған болсын дегендей.

- Тағы бір сұрағым бар. Jah Khalib-тың альбомын тыңдадыңыз ба?

- Әрине. Шыға салысымен, тректерді түнімен тыңдап шықтым. Оның ішіндегі кей әндерді бұрын естігем. Мысалы, «Письмо к матери». Ол ән маған арналған. Үнтаспа джаз-фанк стилінде, жаңа орындау, өзгерістер бар. Бірақ ұлым бәз-баяғыдай туындысына бар дүниесін салған.

Осылайша, сәннен ғана емес, музыканың соңғы трендттерінен хабардар екенін білдіре кеткен Ләззат ханым, келесі жылы да фэшн апталыққа қатысамын деп уәде берді.