Баян Алагөзова экс-шәкірті Балжан Бидашты қара тізімге енгізгені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Маржан Арапбаеваға телеарналардан түсірілімдерге шақырту азайған. Әнші өзінің жауапсыздығының кесірінен бірнеше бағдарлама эфирінің күлін көкке ұшырған. Соның салдарынан, арналардың қара тізіміне еніп кетті.

Маржан Арапбаева, әнші:

- Мен қара тізімге кіріп кеттім. Өйткені, таңғы эфирге келмедім. Міне, рас мойындаймын, келмеген себептерім болды. Әрине, кейін кешірім сұрап, оның бәрі әрине дұрыс емес, тәртіп міндетті түрде болу керек. Әртіс болсаң да, жұлдыз болсаң да, қанша жерден сені жақсы көріп тұрса да, еркелетіп тұрса да, тәртіп болу керек қой міндетті түрде.

Талап барлығына бірдей! Мұндай ұстанымды Балжан Бидаш қолдайды. Әнші

өзіне келіп түскен ұсыныстар мен шакыртуларды бұлжытпай орындауға тырысады. Бастысы қара тізімге кірмеу.

BIDASH, әнші:

- Мысалы, концертке келмей қалу, «подводить» ету деген сияқты сондай әншілердің арасында болып тұратын нәрселер бар ғой. Сондай жағдайда сен қара тізімге кіруің мүмкін. Естідім что егер де продюсерлермен де дұрыс ара қатынаста болмасаң қара тізімге кіресің дегенді де естігем.

Сондықтан болар, Бидаш экс-продюсері Баян Алагөзовамен жақсы қарым-қатынаста. Ал, Серік Ибрагимов болса, жиі кешігемін деп біраз ұйымдастырушыларды ренжіткенін жасырмайды.

Серік Ибрагимов, әнші:

- Негізі кез-келген жерде де, жұмысқа барсаң да кешігіп келе берсең айналайын деп шығарып жібереді, сондай сияқты нәрсе. Адам өз ісіне кішкене жауапты болу керек деп ойлаймын. Бірақ, енді мен өзім келгенде көбінесе кешігемін.

Серік – бастысы мұндай кемшілігім «шығармашылығыма зиянынан тигізбесе болғаны», деп отыр.

Серік Ибрагимов, әнші:

- Мүмкін енген де шығар. Мүмкін енбеген шығар. Мен ешкімге ренжімеймін әйтеуір... қара тізім деген уақытша дүниелер сияқты менің ойымша, ең бастысы біреудің ала жібін аттамасақ болды ғой.