«Биллборд» чартында Селена Гомез үздік шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ең беделді музыкалық «Биллборд» басылымы, әлем бойынша радиолардан жиі шырқалып, тыңдалымы жағынан топ жарған туындылар тізімін ұсынады! Бұл көшті, «Lose You to Love Me» трегімен Селена Гомез бастайды!

Экс-сүйіктісіне ән арқылы сезімін білдірген Селенаның туындысы бұрынғы ғашығына ғана емес, күллі тыңдарманның жүрегіне жеткендей. Ал, ондағы сөздер, Джастин Биберге арналғанын Гомез мойындайды. Өнерпаздың айтуынша, туынды бір жыл бұрын жазылған.

Ал, бұл чарттан әнші Лиззоның екі бірдей әні табылды. Оның «Truth Hurts» пен «Good as Нell» тректері де хит. Сылқым бодипозитив өкілі ретінде жанкүйерлері арасында кеңінен танымал. Сондықтан болар, өзін-өзі сүюге шақырған Лиззоның әндері көпке ұнаса керек.

Канье Уэст те сұраныстағы әншілер қатарын толтыруға құлықты! Хип-хоп орындаушының «Follow God» үздіктер арасында. Рэпер бұл трекке бейнебаян таспаламаса да, туынды өз тыңдарманын тауып жатқан сыңайлы!