Жанар Дұғалова камбэк жасамақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанар Дұғалова бар уақытын студияда өткізуде. Кезекті трегін әзірлеп жатқан сәтімен инстаграм парақшасында бөліскен әнші тіпті, «мүлдем ұйықтамадым» деп жазба қалдырған. Оған қоса, өнерпаз су жаңа «Ақымақ болма» атты туындысына бейнебаян да таспалап қойған көрінеді. Ернар Нұрғалиевке режиссерлікті сеніп тапсырған Жанар, көп күттірмей клипін жарыққа шығаруға ниетті.

Алтынай Жолдыбаева «playboy» жұлдызы! Соңғы фотоссессиясын дәл осы стильде жасаған сылқым, көпшіліктің сынына қалды. Ашық-шашық образдарымен тағы да көзге түскен әнші, имиджіне тәжірбие жасауды әдетке айналдырған. Сахнадан көрінбей кеткен кіші Жолдыбаева, жанкүйерлерін сағындырмаудың амалын осылайша тапқандай.

Ақан Сатаев «Томирис» фильмін «Алтын Глобус» америкалық марапатына ұсынбақ. Режиссер, тарихи туындысының Лос-Анджелес қаласында әйгілі премияның сарапшыларына арнап, жабық көрсетілімін өткізді. Картина киносыншылардың оң бағасын алса, келер жылы АҚШ-та өтетін сайыста бәйгеге түсуі әбден мүмкін.