Кристен Стюарт, Роберт Паттинсонға неге ренжулі?

Сообщить о проблеме с эфиром

Актриса Кристен Стюарт кеше ғана Батыстық БАҚ-қа берген сұқбатында өзінің жұлдызын жаққан «Сумерки» фильмі жайлы ашылып сөйледі. Тілшінің тосын сұрағы тосырқатса керек, Кристен көз жасына ерік беріп, өзін тоқтата алмаған. Күтпеген сауал актер Роберт Паттинсон туралы еді. Актриса сезімінің алдағанына қапалы. «Кезінде Робертке тұрмысқа шығуға дайын едім» деп түйіндеді сөзін ол.

Жарық... Жылдамдық... Түнек... Осыдан 6 жыл бұрын, күздің соңғы айында актер Пол Уоркер түсірілім алаңында бақилық болған еді. Содан бері досы, әріптесі Вин Дизель ол жайлы желіге жүрекжарды жазбалар қалдырып, суреттерімен бөлісіп келеді. Кеше ғана Форсаждық Полдың тұңғыш әрі жалғыз қызы Мидоу Рэйн Уокер 21-ге толды. Осыған орай, Вин инстаграмында жан тебірентер жазба қалдырған:

«Сенімен қалай мақтанатынымды білсең ғой... Туған күніңмен, Мидоу! Отбасымыз саған арнап торт пісіріп қойды. Енді сенің келуіңді тағатсыздана күтетін боламыз! Тезірек, орал! Мен сені жақсы көремін, жаным. Ағаң Вин!»

Тығылып той өткізген Дженнифер Лоуренс пен Кук Марони Нью-Йорк шаһарында паппарацци назарына ілігіп қалды. Салтанатты күндерінен 2 апта өткеннен кейін, жас жұбайлар қала көшелерін және дүкендерді еркін аралаған. Тіпті саусақтарында жарқылдаған неке жүзіктерін жасыруға да тырыспапты. Жүздерінен бақыттың табы бірден байқалады.