«Playboy» стилінде фотоссесия жасаған Алтынай Жолдыбаева хейтерлерге жауап берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаңашылдыққа жаны жақын Жолдыбаева жуырда ғана желіде «Playboy» стилінде түсірілген фотоларын жариялағанды! Алайда, сылқымның тың идеясы кей оқырманға жақпай қалса керек. Әншінің бұл әрекетін ерсі санап, жағымсыз жазба жаудырып жатқандар жетерлік. Хэйтерлерге Алтынай жеке жауап берді.

Алтынай Жолдыбаева, әнші:

– Қанша адам бар, сонша ой бар. Ондай адамдар да болу керек, ондай адамдарды да жақсы көрем. Мен ойламын адамның көңіл күйі де, ары қарай жұмыстануы да, творчествосы да, өзінің ішкі гармониясымен бірге және ол гармонияны келіп-кетіп жатқан сөздер бұзады деген ой жоқ менде.

Қысқасы, «өзгенің пікіріне пысқырғаным бар» - дейді кіші Жолдыбаева. Оның үстіне мұндай фотоссесиялармен көзге түскен Алтынай, керісінше түрлі жобаларға шақырту алып жатқан көрінеді.

Алтынай Жолдыбаева, әнші:

- Журналдармен де жұмыс жасап жатырмыз. Әрбір жерге интервьюға суреттер салып жатады. Ұсыныстар көп, бірақ үлкен ұсыныс түскен жоқ. Үлкен ұсыныс түссе, ойланып көруге болады.

Айтпақшы, Алтынай тырнақалды трегін жарыққа шығарғалы, кей тыңдарманның әншіден бейнебаян күткені анық.

Алтынай Жолдыбаева, әнші:

- Біріншіден клип шығаратын ән болған жоқ, алдағы екі ән білмеймін. Қазір менің басты мақсатым репертуар толықтыру. Соған жұмыс жасалып жатыр. Репертуар, өйткені кейбір кештерге шақырған кездерде менде айтатын әндер жеткіліксіз.

Одан бөлек, экс-Джейрандық ару бұған дейінгі сұхбатында продюсерге іздеу салатынын айтқан еді. Алайда, Алтынай өз сөзінен айнып қалған сыңайлы.

Алтынай Жолдыбаева, әнші:

- Мұндай үлкен сабақтан өткеннен кейін мен ойлаймын, менің тәжірибем жеткілікті. Өз басымды өзім алып жүруге, қандай да бір творчестволық шығармашылықпен айналысуға өзімнің идеям жеткілікті деп есептеймін.

Креатив пен кәсібилігім бір басыма жетіп артылады деген Жолдыбаева, көп ұзамай дебюттық бейнебанымен қуантады деп үміттенеміз!