Мадоннаны тыңдарманы сотқа берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадоннаның басы дауға ілікті! Әншіні өз жанкүйері сотқа бермек. Нейт Голландер есімді жігіт 17-ші желтоқсан күні өтетін концертке құны 1025 доллар тұратын 3 билет сатып алған. Енді ол сағат 20.30-да өтетін кештің, 22.30-ға шегерілгеніне наразы. «Бұл көрерменнің құқығын таптау» дейді Нейт. Поп-жұлдыздың өзі бұл оқиға байланысты әлі ешқанда пікір білдірмеген.

Жылдар бойына жалғасып келе жатқан қырғи-қабақ соғысқа нүкте қойылмақ! Біраз уақыт бұрын Селена Гомез пен Белла Хадид рэпер The Weeknd-пен кезек-кезек махаббат хикаясын бастан кешірген еді. Бірақ баянсыз болған бұл сезім қос аруды қас дұшпанға айналдырды. Араға айлар салып татуласуға ниетті екенін Белланың өзі білдірді. Ол әншінің суретіне лүпіл басқан. Ал Селена болса, сәнбикенің парақшасына жазылған.

Кайли Дженнер экс-күйеуі Тревис Скотты қолдауға Хьюстонға келді. Ол концертте жалғыз емес, қызы Стормимен бірге бой көрсетті. Бір ай бұрын ара-қатынастарының тоқтағанын хабарлаған екеу, қайта қосылуға ниетті секілді. Себебі, Тревис те Кайли де желіде бір-бірін фолловер қатарынан сызып тастамаған. Керісінше, лүпілмен лебіздерін білдіріп тұрады.