Кино әлемінің соңғы жаңалықтары!

Сообщить о проблеме с эфиром

Марвелдың адал жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық! Атақты темір адам «Оскар» иегері атануы бек мүмкін. «Дисней» компаниясы киносаласындағы ең мәртебелі марапатқа өз үміткерлерінің жаңартылған тізімін ұсынды. Роберт Дауни-кіші «Кек алушылардың соңындағы» өзге 12 әріптесімен бірге, «үздік актер» атануға құлықты. Алайда, суперқаһармандар арасынан кімнің оза шабатыны уақыт еншісінде!

Ал, Леди Гагаға «Shallow» туындысы әкелген жетістік майдай жақса керек! Киноәлемінде өзін суда жүзген балықтай сезінген әнші, тағы бір туындыда төбе көрсетпек. «Hollywood Reporter»-дің мәлімдеуінше, өнерпаз Ри́дли Скотт-тан «Gucci» брендінің негізін қалаушы Маурицио Гуччидің өлімі туралы картинаға шақырту алған. Онда Гага, бас қылмыскердің рөлін сомдамақ.

Ченнинг Татум болса, өзін режиссерлік қырынан сынап көрмек! Актер дебюттық жұмысына кірісіп кеткен көрінеді. Киногердің тырнақалды төл туындысы «Ит» деп аталып, онда сері мен оның үй жануарының қызықты саяхаты баяндалмақ.