Нұртас Адамбайдың есімі енді жұлдызды қабырғада! Киноиндустрияға сіңірген еңбегі үшін режиссерге арналған арт-нысан ашылды.

Сообщить о проблеме с эфиром

«КINOPLEXX» желісі көрермендерге арналған су жаңа кинотеатрдың ашылу салтанатын өткізді. «Апорт Молл» сауда орталығында тұсауын кескен «KINOPLEXX 7 APORT»-нің өзгелерден ерекшелігі де жетерлік. Себебі, бұл нысанда кино саласының өкілдеріне арналған алғашқы «жұлдызды қабырға» салынған.

Бірінші болып алақан ізі мен өзінің естелік фотосуреттерін қалдыру Нұртас Адамбайға бұйырды. Талай комедия таспалаған режиссер, киноиндустрияда сіңірген еңбегі үшін арналған арт-нысанның ашылуына өзі де куә болған-ды.

Нұртас Адамбай, актер, режиссер:

- Бұл кинотеатрдың мен үшін орны бөлек. Мұнда бұрын-соңды болмаған менің шығармашылығыма арналған жұлдызды қабырға ашылды. Енді осында жиі келетінім анық.

Голливудтың «Даңқ аллеясы» сынды тақтайша орнатуды кинопарк болашақта дәстүрге айналдырмақ. Бұдан өзге, «KINOPLEXX 7 APORT» алғашқы көрермендеріне арнап танымал жұлдыздардың қатысуымен концерт өткізді. Кеште Айдана Меденова мен Тәуекел Мүсілім басты меймандар.

Айдана Меденова, әнші:

- Бұл ән кинопартың гимні болғанымен, қарапайым халық та айтып жүр. YouTube-та да өте көп қаралым жинаған ән. Сондықтан біз үшін үлкен мәртебе. Сол біздің кинопаркқа арналған әніміз солай бір, халықтың арасында таралып хит болып жүргеніне біз қуаныштымыз.

Айдана мен Тәуекелден бөлек, жас әнші Айбек Серикханов та кинопаркқа өз әнін ұсынды.

Айбек Серикханов, әнші:

- Арнайы «KINOPLEXX» туралы ән жаздырғанбыз, сол әнді Моника деген қызбен орындаймыз дуэт. Көрерменнің көңілінен шығады деген ойдамыз.

«KINOPLEXX 7 APORT»-нің басты тосын сыйы Жапонияға 2 адамға жолдама. «SCAT» авиакомпаниясымен бірлесе ұйымдастырылған конкурста, фильмге билет сатып алу арқылы қатысқан көрерменнің бірі жеңімпаз атанды.

Салтанат Қоспаева, жеңімпаз:

- Мен осы «KINOPLEXX 7» кинотеатрынан Апортта орналасқан кинотеатрдан билет сатып алдым. Ол билетті конкурсқа қатыстыратын жәшікке салдым. Содан кейін жаңағы прямой эфирда, конкурста менің билетім шықты. Өте қуаныштымын.

Ал, су жаңа «KINOPLEXX 7 APORT» өз көрермендерін аптаның жеті күнінде асыға күтеді.