Төсін жалаңаштаған сәнбике Динагүл Тасоваға «ұятсыз» рөл ұсынған қай режиссер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Подиумға төсін жалаңаштап шығамын деп, қызу талқыға түскен Динагүл Тасова бүгінде сұраныстағы сұлулардың бірі. Жұртты елең еткізген оқиғадан соң, сәнбике түрлі жобаларға шақырушылар көбейгенін жасырмайды. Тіпті, аруға – актриса атан дегендер де бар.

Динагүл Тасова, сәнбике:

-Киноға шақырылды. Бірақ шетелде түсірілетін кино екен. Дәл сіз сияқты қыз керек деп айтты кеше. Бірақ отказ жасадым. Неге? Өйткені, айтқан сөздері ұнамады. Сен модель емес, актриса ретінде көргендіктен, бүкіл неге дайын болуың керексіз деген сондай грубыйлау нәрселер естідім.

Алайда, Дина «ұятсыз» рөл ұсынған нақты кім екенін ашып айтқысы келмеді. Сылқымның сөзінше, ол отандық танымал киногерлердің бірі. Ал, сәнбикені фильмдерінде көргісі келетіндердің қаперіне – Тасова тарихи туындыларда төбе көрсеткісі келеді.

Динагүл Тасова, сәнбике:

-Шынымды айтайын, қанша ашық жүргеніммен де патриоттық киноларға жүрегім жақын. Егер де сондай бір рөлді сомдау керек болып жатса, бас тартпаймын.

Ал, әзірге сылқым сән әлемінде өз есімін қалыптастыруға құлықты.

Динагүл Тасова, сәнбике:

-Сән жағынан да көп ұсыныстар да түсіп жатыр. Әсіресе, енді осы жолы көп тапсырыстар іш киімдерді жарнама жасау, немесе осындай бір показдары ұйымдастыру. Ең қызығы, ТМД елдерінен көптеген ұсыныс түсіп жатыр.

Мәселен, күні кеше Динагүлге Армениядан хабарласып, сән апталыққа қатысуын өтінген көрінеді. Ал, дәл осындай түрлі шақыртулардан шабыттанған ол, мамандығым талап етсе, подиумда тағы да жалаңаштануға дайынмын дейді. Тіпті, Тасоваға «хейтерлер» де тұсау салмақ емес.

Динагүл Тасова, сәнбике:

-Мен көңіліме алмауға тырысамын. Дегенмен кейді, еттен өтпесе де, сүйектен өтіп кететін кездер болады. Сондықтан, туған туысқан бауыр етімді араластырмаса екен деген өтініш.

Сәнбике, бұл өтініші жағымсыз жазба авторларына жетеді деп үміттенеді.