Нұртас Адамбайдың «Әкім» фильмі отандық прокатта қанша қаражат жинады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық кино прокатқа жол тартқан су жаңа туындылар арасында топ үштік анықталды! Көрермен көңілінен шығып кассалық табысымен көш бастаған –«Аддамстар отбасы» мультфильмі.

Айналымдағы екінші аптада анимациялық туынды 200 млн теңгеден аса пайдаға кенелді. Әйгілі «Аддамстар отбасының” шытырманға толы хикаясы суреттелетін картинаны тамашалауға киномандар әлі де асық. Чарльз Аддамстың комикстері желісімен таспаланған мультфильмді Оскар Айзбек, Шарлиз Терон және Хлоя Грейс Морец сынды танымал актерлар дыбыстаған.

Нұртас Адамбайдың еңбегі де еш кетпеді. Продюсердің “Әкім” комедиясы ТОП үштіктің екінші сатысына жайғасты. 194 млн теңге кіріс көрген комедия, шетелде білім алып келген жігіттің оқиғасын баяндайды. Сюжет желісінде, биік мансапты шенеунік болуға құлшынған жас жігіт ауылға әкім болып тағайындалады. Сері, қарапайым халықтың қамын ойлап, жағдайларын жасауға тырысады.

Джонни Депп басты рөлді сомдаған «The Professor» фильмі үздік үштікті түйіндейді. Су жаңа драма мұғалімнің бастан кешкені оқиғалары жайлы. Колледжде сабақ беретін Джонни Депп, ауыр дертке шалдығады. Кейіпкер, бұл аурудан айығу жолын іздейді.