«Country Music Awards» кантри әншілер арасынан кіл мықтыларын анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кіл мықты кантри әншілердің басын қосқан «Country Music Awards»-тың қызыл кілемі жарқын образдарға толы болды! Сылқымдардың бірі әсем көйлектерімен көзге түссе, кейбірі тақырыпқа сай киініп келуді жөн санаған. Алайда, арнаулы жолақ бойының «жұлдызы» аталымына шараға түгелдей отбасын ерте келген әнші Пинк лайықты.

Пинк, әнші:

-Аталмыш марапат маған қатты ұнайды. Мен мұнда кішкентай достарыммен бірге келдім. Көріп отырғандарыңыздай, шараға әбден дайындалдық.

Өнерпаздар легі қызыл кілем бойымен шеру тартып болған соң, көп күттірмей шараның өзі де басталды. «Country Music Awards»-тың бас жүлдесі - Lil Nas X мен Билли Рэй Сайрусқа бұйырған еді. Қос әнші «жылдың муызыкалы жаңалығы» аталымын еншіледі. Бұл дуэт жыл бойы кантри ғана емес, әлемнің барлық музыкалы чартарынан түспегені белгілі.

Ал, Кейси Масгрейвс бұл кештен «Rainbow» туындысымен «Жыл бейнебаяны» аталымын алып қайтты!

Кейси Масгрейвс, кантри-орыдаушы:

-Барлықтарыңызға көп рахмет! Қуаныштымын!

Музыкалы кеште «Құдайдың кантриы» сынды ерек жүлделер де табысталды. Мұндай мәртебелі марапатты Blake Shelton иемденді. Орындаушыны бұл шарада қолдаушылары көп болды.

Блэйк Шэлтон, кантри-орындаушы:

-Алғысымзы күллі командама айтамын. Одан бөлек кантри радоларға, композиторларға, жалпы мені қолдап жүрген жандарға рахмет.

Ал, жүлдеге лайықтылар марапатталынып болған соң, ерек шара әсерлі орындаулармен жалғасын тапты!