«Marvel» туындылары көруге тұрарлық кино емес!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтың мықты киногерлерінің бірі Мартин Скорсезе «Empire» басылымына берген сұхбатында, «Marvel» туындыларын кино деп есептемейтінін айтқан еді. Оскар иесінің бұл мәлімдемесінен кейін, әлем киногерлері екіге бөлініп, Скорсезені жақтаушылар да, даттаушылар да табылды. Олардың арасында, отандық өнер өкілдері де жетерлік.

Бүркіт, әнші:

– Мартин Скорсеза есімді продюсер, режиссер, актер «Марвел» туындыларын мүлде мойындамаймын, өнерге жатқызуға болмайды, кино деп атауға келмейді, ол ойын сауық паркі депті. Сіздің жалпы ойыңыз?

-Енді, ол кісінің айтқанымен келіспеймін. Өйткені, әрбір жасап жатқан, мысалға сұранысқа ие болып жатса, біздің кішкентай балаларымыз. Мысалы, мен Марвелды жек көріп кеттім шынымды айтсам.

- Неге?

- Бағалары удай ойыншықтары удай. Балаларды сол жақа апарам дүкенге, бір 50-60 мың тастап кетесің сол жерде. Мен айттым, болды айына бір-ақ реті кіреміз.

- Балаларыңыз жақсы көреді.

- Балалар жақсы көреді, сұранысқа ие, ютубта да басқада да. Сұранысқа ие, сондықтан ол да өнер.

- Өзіңіз көресіз ба?

- Иә көрем. Барлық кейіпкерлерді басын қосып жатырғой, ол қаншама іс. Ол еңбек жатқан, оған бізге әрине Қазақстанға жету үшін ооой қаншама жылдар керек.

Осылайша Бүркіт «Marvel»-дық әріптестерінің еңбегін бағалауға шақырды. Оның үстіне, кім білер отандық өнерпаз болашақта өзі де фантастикалық туынды таспалап қалар. Алайда, комикске қатысты әншінің оң пікірі Бисембинге жақпады.

Асқар Бисембин, режиссер:

-Әрине, Марвелға қарсы шығатындай Скорсезе емеспін, бірақ ол кісімен толықтай келісемін. Комикс мәдениетінің өзін қабылдай алмаймын. Себебі, Қазақстанда ешқашан комикс болған емес. Ал, Марвелдың туындыларын тамашалай алмаймын. Өйткені ондағы оқиғалар қалай өрбитіні алдын-ала белгілі.

Гүлназ Жоланова, актриса:

– Өзің жақсы көресің бе?

- Мавелды ма?

- Иә, қиял-ғажайып туындылар ғой.

- Маған графика жағынан өте ұнайды. Өте жоғары деңгейде, себебі Марвелдан артық графика жағынан ешкім артық істемейді. Сондықтан, графика және визуалды түрде рахаттану үшін барамын.

- Демек, сен Мартин Скорсезенің сөзіне қарсы шығасың?

- Мен Скорсезаның да фильмдерін жақсы көремін. Олар енді тарихта қалатын, өзіндік философиясы бар, өзіндік түсіру стилі, актерлары қандай. Дикаприо қанша киносына түсті. Ол кісінің кинодағы деңгейі. Марвелды енді мен 50 жасымда көрмейтін шығармын, бірақ Скорсезенің кейін киноларын қайталап көрем.

Санжар Мәди болса, Мартиннің де, Марвелдың да фильмдерін сүйіп көреді. Десе де, актер Скорсезе сынды, комикстерді кино деп есептеуден аулақ.

Санжар Мәди, актер:

-Марвел - кинофантастика. Сондықтан оған мән беріп қараудың қажеті жоқ. Ол бар болғаны көңіл көтеретін туынды дер едім.

Байқағанымыздай, отандық шоу-бизнес өкілдері арасында «Марвелсүйер» көрермен саусақпен санарлық.