«Абай» қойылымындағы «Ажардың ариясына» бейнебаян таспалаған Зарина Алтынбеваның, тың туындысы тыңдарманның көңілінен шыға ала ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, @ais.tv тележүргізуші:

- Зарина Алтынбаева «Абай» қойылымындағы «Ажардың ариясына» бейнебаян таспалады! Туындыға опера әншісінің сіңілісі, киноөндіріске машықтанған Мадина Алтынбаева режиссерлік еткен. Ал бүгін Зарина тың жұмысының тұсауын ерекше стильде кесті! Ал біз болсақ премьераның куәгері болдық!

Зарина Алтынбаева, опера жанрының аудиториясы ауқымды болмаса да, «Ажардың ариясына» бейнебаян түсіруге бел буған. Өзі басты рөлді сомдаған әнші, бұл туындысымен тыңдарман жүрегіне жол табуға ниетті.

Зарина Алтынбаева, опера әншісі:

- Зарина, тың туындыңыз құтты болсын! Жалпы, осы жұмыс көңіліңізден шықты ма?

- Көп рахмет, көп рахмет. Білесіздер ме, сынды да, мақтауды да көрерменнен күтемін. Десе де, бейнебаянға жағымды пікірілер айтылады деген үміттемін. Ең бастысы тыңдарманға опера ұнаса деймін.

- Енді жаңа айтып жатсыз ғой, операны бәрі тыңдай бермейді.

Көрермен бұл жұмысымды қабылдай қояр ма екен деп әлі күнге жүрексінемін. Себебі, шынымен де бұл жанр біздің халыққа жат. Клипте әдетте заманауи музыка немесе той әні болуы тиіс. Ал, операны тіпті телеканалдар ротацияға да алмайды.

- Менің естуімше, Мадина осы клиптің режиссері болды. Біз Мадинаны кішкентай Мadu ретінде, тинейджер әнші ретінде білуші едік. Ал қазір сіздің бейнебаяныздың режиссері. Сіңіліңізге толықтай сеніп тапсырдыңыз ба?

-Мен Мадинаға 100 пайыз сенім артамын. Менің барлық қыр-сырымды білетін жан. Не қалайтынымды іштей сезеді.

Кезінде Маду есімімен танылған Заринаның сіңілісі - Мадина Алтынбаева бүгінде АҚШ-қа қоныс аударған. Осыдан 10 жыл бұрын шоу-бизнесті бағындырмақ болған әнші қыз, бүгінде режиссерлікке машықтанып, мұхиттың арғы жағында білім алыпты.

Мадина Алтынбаева, режиссер:

-Мадина мен сізді көргеніме қуанштымын. Өйткені, мен сізді бір жұлдыз ретінде білемін. Бір жарқ етіп шықтыңыз да, кейін жоқ болып кеттіңіз. Қазіргі кезде немен айналысып жүрсіз?

-Мен сахнада 15 жасыма дейін, өнер көрсеттім. Кейін бір жола әншіліктпен қош айтыстым. Себебі, менің әнші болуым анамның қалауы, Заринаның ізімен жүрсін деген ниеті еді. Енді, 15 жастан бері фотосурет өнерімен айналыса бастадым. Ақырындап киноөндіріске қадам бастым.

-Осы жерге келердің алдында, инстаграмды қарап шықтым. Сіз белсенді емессіз, творчестваңызды салмайсыз. Саяхаттап жүресіз, Америкада, Еуропада саяхат па мақсаты?

-Көбінесе мен шетелде демаламын. Ал, жұмысым Қазақстан мен АҚШ-тың арасында. Қазіргі таңда бірнеше жоба алдым Қазақстанда, содан кейін қайта кететін жоспарым бар.

-Есімде бір рет сахнаға оралғаныңызды, бірақ сәтсіз болған сияқты. Неге кеттіңіз қайтадан сахнадан?

-Ол уақытта мен Лондонға оқуға барып келдім. 15 жасымда қайтып сахнаға шықтым, Орда тобымен дуэт орындап камбэк жасағанмын.

Ал, Маду режиссерлық еткен «Ажар ариясында» Аида Кәуменова өзін костюм суретшісі ретінде сынап көрді.

Аида Кауменова, дизайнер:

-Бейнебаяндағы костюмдарды сіз жасадыңыз деп естідім. Абай тұнып тұрған тарих! Осы образдар жасау үшін, сіз бір зерттеу жасадыңыз.

-Осы көйлекті мен клиптен бөлек жасағанмын. Бірақ осы Арияға арнап, Зарина оны қолданды.

-Ал, осы образдар жасау үшін, осы Абай Арияға арнап. Арнайы бір маталарды, арнайы бір әшекейлерді таңдадыңыз ба?

-Негізі ұлттық костюмдерді жасағанда, біз бар білімімізді ол жерге саламыз. Әрине онсыз болмайды.

-Несімен ерекше?

-Әр жасаған костюмім, мен үшін ерекше. Өйткені, Зарина өзі ерекше әнші және де ол Қазақстанның опера деген атын көтеріп жатыр.