«TIME 100 Next»

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі «TIME» басылымы «жұлдызы жанған» танымалдар арасынан алғаш рет кіл мықтыларды анықтады! Жыл сайын дәстүрлі түрде «ең беделді» өнер өкілдерінің рейтингін ұсынатын журнал, бұл жолы атағы жер жарған киногерлер, музыканттар және бизнесмендердің тізімін жасады.

Мұндай рейтингті алғаш тізіп берген басылым танымалдардың өзін жинап арнайы гала кеш те өткізді. Ал, шараның басты мейманы - Эзра Миллер. Эпатажды образдарымен қызыл кілемде төбе көрсетіп, көпшілікті таңқалдырған актер аталмыш рейтингте «ерекше жұлдыз» деп танылды.

«TIME 100 Next» рейтингінде музыканттар арасында «жыл әншісі» аталымы бойынша көш бастаған – Камила Кабельо Америкалық 22 жастағы әнші хитке айналған «Señorita» трегінің арқасында топ жарып отыр.

Камила Кабельо, әнші:

-Қатты таңқалдым, шынымды айтсам. Танымал адам, ең бастысы, адамгершілігін сақтап қалу керек деп ойлаймын. Жанкүйерің сені дәл осы қасиетің үшін ерекше бағалайды.

Табынушылары «вундеркинд» деп атап кеткен жас әнші Билли Айлиш те аталмыш рейтингке енді. Ал, кино саласынан «Ривердейл» телехикаясының басты кейіпкері Лили Рейнхарт «TIME» басымылымың пайымымен жылдың «үздік актрисасы» атанып отыр.