Ресейлік «Little Big» тобы ғаламторда рекорд орнтауда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ресейлік «Little Big» тобы ғаламторда рекорд орнтауда! Музыкалы ұжымның «GO BANANAS» атты бейнебаяны ютуб желісінде қаралымы жағынан топ жарды. Тың туынды YouTube-қа жүктелген алғашқы тәулігінде-ақ, 4 миллион адам тамашалап үлгерген. Одан бөлек, видеороликке көрермен 491 мың лайк пен 35 мың дизлайк қойған.

Аталмыш бейнебаян сюррелистік сюжет желісі негізінде таспаланған. Онда, адамдарға жем шашқан алып кептер мен қолсөмкеге сыйып кеткен автокөлікті де байқай аласыз.

Еске салсақ, «Little Big» тобы тыңдарманы арасында дәл осындай, ерекше сарындағы туындыларымен танымал. Ал, олардың өткен жылы жарық көрген «Skibidi» трегі хитке айналған еді. Әуен ғаламтор бойынша тез-ақ таралып, оның бейнебаяны бүгінде 310 миллион қаралым жинаған. Алайда, қалың көпшілік, «GO BANANAS» «Skibidi»-дің рекордын жаңартуы әбден мүмкін деп отыр.