Асқар Ұзабаев «КАЗБАТ» тарихи драмасының тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші:

-«Ұлттық Ұлан» сарбаздары сап түзеп, Алматы кинотеатрларының бірінде жиналды. Қазақ әскери қызметкерлерінің басын қосқан «КАЗБАТ» фильмінің тұсаукесері. Режиссер Асқар Ұзабаев түсірген тарихи драма көрерменге жол тартуға әзір.

Шынайы оқиғаға негізделген су жаңа картина, 1995-ші жылы ауған-тәжік шекарасында болған жағдайды баяндайды. Қазақ әскерінің ауғандықтардың шабуылына төтеп берген сәті «КАЗБАТ» фильмінде толықтай көрсетілген.

Асқар Ұзабеав, режиссер:

-Фильм шынайы оқиға желісі бойынша түсірілген. Тарихқа жүгініп дайындалдыңыз ғой алдын-ала?

-Ия, онсыз болмайды. Оған қоса, бізге кеңес беретін ардагерлер көп болды. Сол кезді көрген, сол жерде болған кісілермен әрдайым ақылдасып отырдық.

-Неге дәл осы оқиғаны алдыңыздар, 1995 ші жылы ауған тәжікстан шекарасындағы қақтығысты?

-Бұл министрліктің тапсырысы. Осы оқиғаны көрерменге көрсету, марқұм болған сарбаздардың құрметіне фильм арнау.

Асқар Ұзабевтың тарихи драмасында басты кейіпкер - Дәурен Серғазин. Актер бұл туындыға түсу үшін, арнайы дайындықтан да өттім дейді.

Дәурен Серғазин, актер:

-Бұл фильм, басқа фильмдерден өзгерек деп айтсақ бола ма, болмай ма?

- Мен үшін әрине орны бөлек. Ең өте қиын жобаның бірі болды мен үшін. Басқа жобаларда олай қиналмап едім, осы жолы қатты қиналдым. Бірақ, түскеніме өкінбеймін. Бұл тақырып маған өте қызықты, жақын тақырып.

-Режиссер қинады ма немесе сол жердегі жағдай ма? Майдандағы жағдай ғой.

- 50 пайыз жағдай, 50 пайыз режиссер қинады ғой.

-Тарихи жағдайға желісі негізделген. Алдын ала дайындалып, тарихты ақтарып, дайындық болды ма?

-Ия ол міндетті түрде, кез-келген рөлдің алдында дайындаласың. Интернетті ақтардық. Сол арасына барып сол жерде. Өзінің әскери борышын өтеп жатқан жігіттердің қатарына кіріп. Солармен бірге казармада тұрып солар ішкен тамақты ішіп сол енді бір жыл көретін әскери борышты бір айда атқарып қайттық.

-Әскери борышты өтедің ба өзің?

-Өзім өтемегенмін. Менің кінәм емес. Бірақ фильм арқылы өзім өтегендей болдым.

Фильмде Дәуреннің ғашығын сомдау Индира Шынболатқызына бұйырған.

Жас актриса көрерменге «НТК» арнасындағы «Бақытсыздар бағы» телехикаясы арқылы танымал.

Индира Шынболатқызы, актриса:

-Бұл фильмге қалай келдің? Кастингке өзің ұмтылдың ба толықметрлі фильмге түсуге өзіңде талпыныс болды ма?

-Кастингтердің соңғы күндері болатын, Асқар Ұзабаев ағамызға, сол дәл кастинг күні түсіп қалдым.

-Жарқырап тұрған медальды көріп тұрмын. Бұл не медаль? Құтты болсын.

-«Қазақстанның патриоты» деген бір медаль және «Ұлттық Ұлан» деген медаль тақты. Осы фильмге байланысты.

Тұсауы кесілген тың туындыны алғаш болып тамашалаған – ардагерлер қауымы. Тіпті, дәл осы оқиғаны бастан өткерген 7-ші ротаның командирі Ерлан Алданазаров лентаның сценарийіне өз үлесін қосыпты.

Ерлан Алданазаров, полковник:

-Сіз фильмді көріп шықтыңыз ғой? Қалай әсеріңіз туралы айтып беріңізші?

-Бұл фильм, бүгінгі көптен күткен фильм. Бүкіл ТМД-дағы бірінші фильм болып есептеледі. Өйткені көп күткенбіз, тәжік-ауған болған ардагерлердің ерлігін көрсететін фильм. Өте әсерлі құнды, бүгінгі күнде керекті деп есептеймін.

Ал, «КАЗБАТ» тарихи туындысы, 21-ші қарашадан бастап үлкен экрандарға жол тартады.