Анастасия Решетова босанған соң тұңғыш рет ел алдына шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тиматидың ғашығы Анастасия Решетова босанғаннан кейін тұңғыш рет "Дебютанттар балына" келді. Салтанатты шараға кіл атақтылардың қыздарынан 13 бұрымды бой көрсетті. Паркетте би билеген сылқымдардың ішінде Михаил Боярскийдің немересінен бөлек, Тиматидың қарындасы, Валерий Меладзенің қызы да бар. Ал Тина Канделаки, Яна Рудковская, Светлана Бондарчук кештің көркін кіргізді.

Виктория Бекхэм өткенін есіне алғанды ұнатпайды. Әсіресе, “Spice Girls” құрамында болған уақыты жайлы мүлде жақ ашқысы жоқ. Тіпті, топты қайта құру жайлы сөз қозғалса, бірден басын алып қашады. Бірақ, Виктория өзінің 17 жасар ұлы Ромео үшін қатқан қағидасынан бас тартып, топтың “Spice Up Your Life” хитіне билеп берген. Кейін Ромео бұл бейнежазбаны “Тикток” әлеуметтік желісіне жүктеген.

Жақында ғана GQ нұсқасы бойынша «Жыл адамы» атанған Дженнифер Лопес соңғы берген сұқбатында өмірінде болып жатқан өзгерістер жайлы бүкпесіз баяндап берген. 50 жастағы әншінің әңгімесі бойынша, алдымыздағы жылдың наурызында сүйіктісі Алекс Родригеспен шаңырақ көтермек ниетте екен. Одан бөлек бейсболшы жігіті екеуінің жылдық табысы миллиардтарды құраса да, еңбектенуден талмайтынын айтқан Джей Ло, жақында жақсы жаңалық болатынын айтып жұртты қызықтырып қойды.