Дуэйн Джонсон енді супеқаһарман!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге танымал актер «DC» комикстың «Қара Адам» кейіпкеріне таңдалып алынған. Алғаш 1945 жылы пайда болған батыр өзінің зұлымдығымен танылған-ды. Жоба авторларының айтуынша, Скала басты рөлді сомдайтын фантастикалық лента, 2021-ші жылы жарыққа шығады.

Райан Рейнольдс кезекті тың туындысының су жаңа трейлерін ұсынды. Актер «Шестеро вне закона» картинасында заңға қарсы тұрмақ. Сері ол үшін бұзақылар командасын жасақтап, 6 миллиардерге қызмет етеді. Басты мақсаты – қоғамдағы әділетсіздікпен күресу.

Әйгілі «Форсаж» фильмі үлкен экрандарға Пол Уокерді қайта оралтпақ. Франшиза 9-шы бөлімінде марқұм болған актердің кейіпкерін сценарийге қосқан. Еске салсақ, жетінші «fast and furious» Пол отбасылық өмірді таңдаған еді. Британдық «The Sun» журналының мәліметінше Брайан О’Коннор су жаңа «Форсажда» төбе көресетуі әбден мүмкін.