Jah Khalib «iТunes KZ» чартында көш бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ең ауқымды музыкалық «iТunes KZ» чартының үздіктері анықталды! Отандық меломандар жарыса тыңдаған тректер арасында көш бастап тұрған - Jah Khalib-тің «Джадуа» туындысы.

Өткен айда ғана су жаңа «Выход в свет» альбомын ұсынған Jah Khalib ТМД елдерінің «iТunes» чартында да үздіктер қатарында. Тыңдарманын ұзақ күттірген музыкант, үнтаспаға енген «Джадуа» трегіне бейнебаян таспалап фанаттарын қуантқан еді. Бүгінде 3,5 млн қаралым жинаған клип, «youtube» желісінде әлі де трендте.

Тағы бір Ресейге танылған отандасымыз Скриптонит су жаңа «Проблемы» трегімен екінші сатыда. 104 есімімен танылған рэпермен дуэт орындаған Әділ Жалелов толыққанды әнжинақ жарыққа шығарған-ды. Скриптониттің 4 әннен тұратын мини үнтаспасы, дәл осы 104-пен ерек коллаборация болып отыр.

Танымал музыкалық чарттың үздік үштігін жас әнші Тони Уотсон түйіндейді. Небәрі 19 жастағы австралиялық музыкант «Dance Monkey» композициясымен әлемдік ән платфомаларында да топ жаруда. Ең қызығы өнерпаздың туындысы 4 ай бұрын жарық көрген еді.