Тәуекел Мүсілім марқұм әкесінің қара шаңырағына келін түсірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуекел Мүсілім уәде еткендей қалыңдығын көпшілікке таныстырды. Актер марқұм әкесі Мүсілімнің Темірлан ауылындағы қара шаңырағына жас келінді түсіріп, ағайындарының арасында беташар жасаған.

Инстаграм парақшасында халықтан сүйінші сұраған Мүсілімнің қалыңдығы 24 жастағы Махаббат Түктібаева есімді ару. Енді актер неке қию сплтанатын келер жылы дүркіретіп атап өтпек ниетте.

Лиунаның продюсері Аслан Тілеубаев та, ақ құсын қолына қондырды! Сері, күні кеше жұлдызды визажист Айжан Бегасылға сырға салды. Отандық шоу-бизнес өкілдерінің барлығын жинаған кеште: Ерке Есмахан, Аша Матай, Гүлназ Жоланова сынды меймандар жетерлік. Еске салсақ Аслан, Лиунаның тойында Айжанға жүрегі мен жүзігін ұсынған болатын. Жұп бір жылдан бері көңіл жарастырып жүр.

Айжан Байзакова әлі де жұрт назарында. Атышулы блогер баласының фотосын әлеуметтік желіге салды. Оған дейін ұлының суретін бейтаныс біреулер ұрлап алып, өз парақшалары арқылы көпшілікке жариялап жіберсе керек. Сылқым, бұл жолы атағын қолданып, оқырман санын көбейтіп алғысы келгендерді жазалаймын деп отыр.