Хейли Бибер тағы да сынның астында қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джастиннің жас жары жақыннан бері қара пиарға әуес болып жүре ме кім білсін, желіге провокация тудыратын екіұшты жазбалар қалдырып, жартылай жалаңаш суреттер жүктеп жүр. Оны көрген фолловерлері «Мына мүсініңмен қалай сәнбике болып жүрсің?» «Тым арық екенсің» деген сынды негативке толы пікірлер білдіруде.

Ал, Майли Сайрус жаңа образымен өзінің жанкүйерлерін ашуландырып қойды. Маңдайының дәл ортасынан пішінсіз кекіл кескен Майли, табынушыларының тілегін елейін деп тұрған жоқ. Керісінше, желіге өзінің жаңа шашы қатты ұнайтынын айтып пост қалдырған. Ал «Тезірек өзгертші», «Алып тасташы» деп пікір жазғандарды бірден қара тізімге тастап отыр.

Италияның Турин қаласында футбол матчынан чемпиондар лигасының өтіп жатқанынан бүкіл жұрт хабардар. Ал, сол матчқа Рианна қатысса таңғалар ма едіңіз? Стадиондағы күллі елдің назары ойында емес, поп-әншінің әр қимыл әрекетінде болған. Рианна футбол тамашалап қана қоймай, "Ювентус" командасына жанкүйер болып, осы құрамның ұтысына 5000 доллар көлемінде бәс тіккен. Нәтижесінде әнші жеңіп шығып, қаражатын 25 мың долларға дейін еселеп қайтарып алған.