Жұлдызды визажист карантин кезінде сұлу болып қалудың құпиясымен бөлісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал карантин кезінде әбден әбіржіген өнер өкілдеріне жұлдызды визажист Санди Бексырғаның өз айтары бар! Си Си Кэчтың жеке бет әрлеушісі атанған бикеш, тікелей эфирге де мэйк-аппен шығу керек дейді. Ендеше сән маманынан тегін лайфхак!

Жұлдызды визажист Санди Бексырға карантин кезінде де сұлу болуға шақырады. Ол үшін сән салонын жағалап, қымбат косметика алып, қалтаны жұқартудың керегі жоқ. Маман қолда бар бірнеше дүниемен-ақ мэйк ап жасауға болатынына сенімді.

Санди Бексырға, визажист:

- Мысалы, бір помадамен біз, қазір көз бояймыз, ерін бояймыз және тушпен кірпік бояймыз және подводка жасаймыз. Төрт затты, екі затпен істеп әдемі сұлу болуға болады. Бірінші біз қазір тенді растушовать етіп көзімізге жағып аламыз. Көзімізде сухой тендер және майлы тендер керегі жоқ. 24 сағат көзімізде өз қалпында ұстап тұрады. Міне көзіміздің үстін боядық енді, көзіміздің астын бояймыз. Өте оңай.

Жұлдызды визажист қашықтан жұмыс жасап, әріптестерімен онлайн-жиналыста жиі жүздесетін арулар үшін, тағы бір лайфхак ұсынды.

Санди Бексырға, визажист:

- Ал екінші түрі помадамен кішкене тоналдық кремді араластырып бірінші фиксатор сеуіп аламыз бетімізге, бетті ылғалдандыру керек. Екеуін араластырып біз бетімізге румяна жасаймыз. Менің ойымша үйде отырған қыздарға өте керемет фишкаларды көрсетіп жатырмын. Енді біздің жасайтын жұмысымыз осы помадамен ернімізді бояймыз. Ал енді бір тушпен подводка жасаймыз. Үшінші жасайтын зонамыз, ол біздің қасымыз. Жаңағы қаспен, ақырындап кожаға тигізбей қасымызды жоғары көтереміз. Жоқ деп айтпаңыздар, бар заттан жоқ заттан бар зат жасау керек. Осымен макияжымыз аяқталды. Фиксатор сеуіп макияжымызды фиксаторовать етеміз.

Дәл осындай лайфхактарды әрбір қыз білгені абзал деген Санди Бексырға, карантинде де әдемі көрінуге болады дейді.

Санди Бексырға, визажист:

- Өздеріңіздің карантиндеріңізді жақсы өткізіңіздер, барлығы өз қолдарыңыздар. Біз сіздермен біргеміз, өнерде де өмірде де қолдап бар білген өнерімізді үйретуге дайынмын. Сіздермен Санди Бексырға!