Шоу-бизнес өкілдері арасында бэйби-бум!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйінші! Ғаділбек Жаңай төртінші рет сәбилі болды! Әншіге жары Ақмаржан тағы да атұстар сыйлады. Өнер иесі нәрестеге Ғибрат деп ат қойған. Еске салсақ, Ғаділбектің Қарақат, Алдияр, Мүслима есімді балалары бар.

«Мистерионс» тобының мүшесі Дильен де карантин кезінде әке атанды! Наурыз айында екінші сәбиімен қауышқан ол, кенжесіне ат таңдай алмай, оқырмандарынан көмек сұраған еді. Нәтижесінде Иса деген есімге таңдау түсірген-ді.

Әнші Нұржан Керменбаев болса, қос ұлдан соң қызды болып, көпшіліктен сүйінші сұраған-ды. Ал күні кеше Керменбаевтар әулеті кішкентай Таснимды қырқынан шығарды. Жұлдызды әкенің айтуынша, ханшайым анасына ұқсаған аққұба өңді екен.

«Меломендік» Ғабит болса, керісінше, екі қыздан соң ұлды болды. Көптен күтіп, қамшыұстардың әкесі атанған ол, бүгінде бала күтімінде жарына көмектесіп жатқан көрінеді.

Ғабит Бибасыұлы «Меломен» тобының әншісі:

- Иә, өте сағына ұзақ күттік, әрине. Ең бастысы дені сау, саналы, аман-есен боп келуі ғой кез келген ата-ананың.