Табыссыз қалған әншілер енді онлайн концертті де қаржы табу құралына айналдырмақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Голос Украина» жобасына қатысып, танымалдылығы арта түскен Инди Еділбаева мен Ерлан Байбазаров «youtube» платформасында концерт берді! Еске салсақ, бұған дейін тікелей эфир арқылы «Ninety one», Nazima, Роза Рымбаевалар жеке ән кешін өткізген еді. Табыссыз қалған жұлдыздар онлайн концерт арқылы ақша тауып жатқаны рас па?

«Голос Украина» шоуынан кейін Индира Еділбаева мен Ерлан Байбазаровқа деген көпшіліктің сұранысы артқаны сөзсіз. Танымал музыкалық жобаның суперфиналистері әнсайыстан соң алғаш рет онлайн форматта концерт берді.

Еске салсақ, бұған дейін «Ninety one» тобы, Назима, Роза Рымбаева, Айқын, Нұржан Керменбаев сынды бірқатар әншілер тікелей эфир арқылы концерт өткізген еді. Бұл бастама ҚР Мәдениет Министрлігі мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асырып отыр.

Әділжан Омаров, «Rin`Go» тобының әншісі:

- Қазір өте көп онлайн концерттер болып жатыр, менің естігенміше кейбір әртістер, даже ақшаға онлайн беріп жатыр. Оны енді қандай адам көп көп емес па оны мен білмедім, бірақ осындай жақсы керемет тегін концерттерді берсек, менің ойымша өте жақсы.

Десе де, сахнада мыңдаған халық алдында өнер көрсетіп үйренген әншілер әлі де онлайн форматқа дайын емес көрінеді. «Қанша дегенмен, көптің қошаметін көзбен көріп, сезінуге ештеңеге жейтпейді», - дейді олар.

Ринат Баситов, «Азия» тобының әншісі:

- Енді бұған да үйреніп жатырмыз потихоньку, айтып еді ғой жәймендеп онлайн концерттер көбейеді деп цифровойға көшеміз, живойға көшеміз деп бұрын айтылып жатқан әңгіме бар еді бұл. Бірақ біз елестете алмай жатыр едік, мына той қалай, концерттерсіз қалай ол деп.

«Азия» тобының әншісі тікелей эфир арқылы да ақша табуға болатынын айтады. Ринаттың сөзінше, болашақта онлайн концерттер де әншілердің кіріс көзіне айналуы мүмкін.

Ринат Баситов, «Азия» тобының әншісі:

- Бұл жерде де есебі бар өзінің, қазіргі таңда тегін, мынандай жағдайда карантин болып жатыр. Біз енді бизнесмен болып ақша тасып, бізде де үйім кредитте машинам кредитте деген сияқты бізде де адамбыз ғой, бәрі ойлайды олардың ақшасы мынандай бүйтіп жүр деп, жоқ бізде еңбек етеміз.

Ал карантиндегі жұлдыздардың жеке ән кештерін «youtube» платформасынан тамашалай аласыз.