Отандық шоу-бизнес өкілдері карантинді көңілді өткізіп жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ресейлік әртістер ғана емес, отандық шоу-бизнес өкілдері де карантинді көңілді өткізуде. Мәселен Аян Бірбаев отбасының әр мүшесіне пранк жасауға көшкен. Кезек әншінің ұлына да жетіпті. Ринголық сері тұңғышын қалай алдап соқты?

Карантин Ринголық Аянды басқа қырынан көрсеткендей. Ол отбасымен бірге тикток түсіруді қойып, жанұясының әр мүшесіне кішігірім пранк жасауға кіріскен. Кезек әншінің ұлына да келіп жетіпті. Бірбаев тұңғышын барынша сан соқтырды.

Ал мына Қостанайлық Даниял есімді балақайдың карантині көңілсіз өтіп жатыр ма деп қаласыз. Әкесі серуенге алып шықпаған соң, 4 жастағы бүлдіршін көшеге шығуға ел президентінен рұқсат сұраған. Ролик 1 күнде казнетті шарлап кетті.

Ал Анар Батырхан болса, актуалды тақырыпқа вайн түсіріп, ел назарын өзіне аударды. 42 500 теңге алып, хабарсыз кеткен жігітіне ренжіген Анар бұл ролигымен жұртты күлкіге қарық қылды.