Актриса Әсел Сағатова неліктен балаларын жұрт көзінен жырақта ұстайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Актриса Әсел Сағатова екі баланың анасы! Бұл тың ақпаратты жанкүйерлердің бірі білсе, бірі біле бермейді. Бүлдіршіндерін халыққа көрсетуге өнер иесінің күйеуі қатаң тыйым салатын көрінеді. Ал шоу-бизнесте дәл осылай ұл-қызын жұрттан жасырып жүрген кім?

Әсел Сағатованың инстаграмдағы парақшасын ақтарсаңыз, отбасы туралы ақпарат таппайсыз. Актрисаға жеке өмірін құпияда ұстауды жолдасы, кәсіпкер Радий Мұхамеджанов өтінген. Сағатованың өзі де балаларының жүзін жұртқа көрсеткісі келмейді.

Әсел Сағатова, актриса:

- Үлкен ұлымның есімі Алдияр, ал қызым Айрис. Есімдерін Жолдасым екеуміз ақылдасып қойдық. Бүгінде ата-анамыздан бөлек тұрамыз.

Сағатова балаларының өзі сынды өнер жолын қуғанына қарсы. Алайда актриса кезінде тұңғышын түсірілім алаңына ерте барып, 6 айлық Радийұлы

Қарлығаш Мұхамеджанова да жеке өмірі жайлы жан баласына жақ ашпауды құп көреді. Актрисаның белгілі бизнесмен Бекболат Балғымбаевпен отау құрғанына биыл 8 жыл. Бүгінде олар Ажар есімді қызды тәрбиелеп отыр.

Продюсер Нұрлан Қоянбаевтың отбасы жайлы көбірек білгісі келетіндер де өте көп. Алайда әйгілі әзілкеш жұбайын жасырмағанымен, әзірге балаларын көрсетуге құлықсыз. Еске салсақ, оның 8 жастағы Нұрай есімді қызы мен алтыдағы Нұрсейіт атты ұлы бар.

Ал Нұрланның әріптесі Жеңісхан Момышевтің осыдан екі жыл бұрын отбасы құрғаны көпті қуантты! Бірақ режиссер көз тиеді деп қорқады ма, әйтеуір жанұясын жұрт көзінен жырақта ұстайды.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

-Бір кішкентайым бар аллаға шүкір. Нешеде әлі. Кішкентай әлі. көбінесе апасының үйінде болады. Сондықтан тәрбиесі нормально болады деп ойлаймын. Өйткеені өзіміз де кезінде апамыздың қолында өскенбіз сондықтан бәрі жақсы болады көбінесе ойнаймыз, далаға шығамыз, мультик көреміз.