Ал қазақ шоу-бизнесінің сүрбойдағы Кентал күні кеше некесін қидырды! Әншінің ғашығы кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйінші! Қазақ шоу-бизнесінің сүрбойдағы, әнші Кентал некесін қидырды! Еске салсақ, отыз үшке келіп, отағасы атанған сері, көптен бері үйленемін деп уәде беріп келген еді. Алайда үйлі болудың сәті енді түскендей! Ал Талғаттың таңдауы өзінен 14 жас кіші сұлу екені рас па?

Кентал, әнші:

- Үйленемін, енді қайтейін. Екі ай қалды ма? Жарайды, еркек деген сөзінде тұру керек, үйленем. Әрекет жасау керек. 2017-де үйленетін сияқтымыз.

Дәл осылай 2017 жылы үйленемін деп уәде берген Кентал, отау құруды жыл сайын жоспарына қосып келген еді. Алайда, әнші тек отыз үшке келгенде отағасы атанып отыр. Күні кеше Талғаттың некесін қидырып, ақ құсын қолына қондырғаны белгілі болды.

Еске салсақ, Кентал ғашығымен осыдан бір жыл бұрын әнші Луинаның туған күнінде көзге түскен еді. Жұлдызды патиге сүйіктісін ерте келген сері, жанындағы аруға үйленуге ниеті бар екенін де білдірген.

Кентал, әнші:

-Иә, бұл менің сүйіктім. Менің жаным, күнім. Менің сұлуым.

Ал Кенталдың етегінен ұстаған түрік ұлты сұлуының есімі – Милана. 20-ға енді қадам басқан сылқым, Талғаттан 14-жасқа кіші. Әншінің заңды жары атанған ол, өнер иесінің тегін алған көрінеді.

Кезінде Кентал сынды сүрбойдақтар сапынан кетуге асықпаған Тәуекел Мүсілімнің қуанышты күні кейінге шегерілгенін еді. Алайда актер мұны ойлап еш қаймықпайды! Есесіне, қос ғашық бұл олқылықтың орнын әсерлі фотоссесиямен толтыруға тырысқандай. Бірақ кім білер, бұл суреттер той шақыртуына арналған болуы әбден мүмкін!

Карантин кезі Мөлдір Әуелбекова үшін де жағымды жаңалығымен мәңгі есте қалмақ! Таяуда ғана гүл ұсынған серіге не жауап берерін білмей, дал болған әнші, тұрмысқа шығатынын айтып, көпті таңқалтты.

Өмірінің жаңа кезеңін ақ парақтан бастағысы келді ме, әйтеуір әнші инстаграмдағы суреттерінің барлығын өшіріп тастаған. Оның парақшасынан тек ормалды Мөлдірді ғана көре аламыз. Ал әзірге өнер иесінің жүрегін жаулаған серінің кемі екені белгісіз.