Мектеп бітіру балы кеші онлайн форматта өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мектеп бітіру балы да енді онлайн форматта! Голливуд жұлдыздары биыл коронавирустың кесірінен айтулы шараға қатыса алмаған жас түлектерді қолдап, ерек челлендж бастады. Онда Селена Гомес, Cardi B, Мэттью МакКонахи және Опра Уинфри бастаған өнер өкілдері тікелей эфир арқылы оқушылар мен студенттерді құттықтаған.

#Graduation2020 атауына ие болған бұл бастамада танымалдар жас түлектерге жылы лебіздерін білдіріп қана қоймай, өздерінің ақыл кенесін айтты. Өнер өкілдері сондай-ақ оқушыларды сабырға шақырып, бәріне түсіністікпен қарауға үндеді.

Селена Гомес, әнші:

- Қазіргі таңда болып жатқан жағдайды түсіне алмай, реніштеріңді білдіріп жатқандарың әрине орынды. Бірақ көңіл түсірудің еш қажеті жоқ. Себебі біз сіздермен біргеміз. Болашақтарың әлі алда екенін ұмытпаңдар!

Cardi B, рэпер:

- Барлық мектеп бітірушілерді, барлық студент түлектерді шын жүректен құттықтаймын. Қандай жағдай болмасын мойымай, тек алға ұмтылыңдар! Себебі сендердің кешкен әрр күндерің тарих! Алда бәрі керемет болатынына сеніңдер! Сәттілік тілеймін!

Осылайша, кей жұлдыздар жүрекжарды тілектерін айтса, Майли Сайрус әріптестерінен ерекшеленуді жөн көріпті. Әнші өзінің инстаграм парақшасында кішірігірм концерт өткізіп, жас түлектерге өз реперуарынан ән арнады.