Мәдина Сәдуақасова фотошоп жасаймын деп басы дауға қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ким Кардашьян сынды фотошоптың көмегімен мінсіз көрініп жүрген отандық жұлдыздар жетерлік! Мысалы, соның бірі -Мәдина Садуақасова. Өнер иесі қосымшаның көмегімен суреттерін шамадан тыс әрлегені үшін қатаң сыннын астына да қалған. Бірақ өтірігі әшкере болған әнші ақталуға тырысты.

Жиі фотосессия жасайтын Мәдина Сәдуақасова соңғы кездері фотографтарға сенуден қалған. Әнші кәсіби мамандармен жұмыс істеймін деп басы дауға қалғанын айтады. Еске салсақ, Сәдуәқасованың мына бір суреттерінде қырағы оқырман әншісін тізесін таппай дал болған еді.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Ол фотографқа мен 10 рет хабарласқан шығармын. Ол жауап бермейді. Білмеймін неге екенін... Өзімнің аяғымды орнына қойып, тізем қайда? Тіземді қоя сал, халық көріп жатыр, байқап жатыр дегендей қылып айтқым келді.

Осылайша, Мәдина дәл осы суреті үшін желіде жағымсыз пікірдің астында қалған. Алайда өнер иесі өмірде фотошопқа жиі жүгінбейтінін айтып, ақталды.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Өзім отырып алып, фотошоп жасамаймын. Бірақ енді фотографтар өздері дайындап береді. Мен негізі өзім де байқамаппын сол кезде. Көрермендер, оқырмандар өздері байқап, неше түрлі жазды. Ол енді фотографтың аса бір кірісіп кеткен қателігі деп ойлаймын.

Отандық шоу-бизнесте суреттегі сырт келбетін өзгертуге құмар жандар жетерлік! Мәселен, Алан Черкасов: «түрім шаршаңқы болса, фотошопты неге қолданбасқа?» - дейді.

Алан Черкасов, шоумен, әнші:

- Көзімнің асты сұрланып, өңім қашып тұрса, фотошопты қолданамын. Бірақ фотошоптың тілін жақсы түсінемін деп айтпаймын. Бұл көбіне қыздарға тән дүние деп ойлаймын.

Танымал блогер Азиза Айбадуллина фотошоп қолдануда тұрған ешнәрсе жоқ деп санайды. Сондықтан, ғаламтор жұлдызы суреттері әсем шығу үшін шетелдік әріптестерінің жаңашылдығын бақылап отырады екен.

Азиза Айбадуллина, блогер

-Инстаграмға жәй фотоны сала салу бұл сәнді емес. Тіпті, Ким Кардашьянның фотоларын қарап көріңізші, табиғи болып көрінгенімен ол суреттерін өңдеуден міндетті түрде өткізеді.

Блогер: «бастысы өнердегі әріптестерінің фотошопқа жүгінемін деп, асыра сілтеп жібермесе болғаны», - деп отыр.