Қайрат Нұртастың інісі құрған AlZaBi тобы Itunes чартының үздіктері қатарында!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Just my universe», «Девочка бум-бум» әндерімен сынға қалған Заңғар Нұртас, енді өзі құрған AlZaBi тобы арқылы танылмақ! Ұжым аз уақыта Itunes чартының үздіктері қатарына енді! Шоу-бизнестен үмітті жігіттердің алдағы жоспарлары қандай?

«AlZaBi» Itunes чартының үздіктері арасына бір ғана әнімен топ етіп түскен топтардың бірі. Олардың «Свела с ума» трегі аталмыш чарттың 43-ші орынына жайғасқан.

AlZaBi тобы:

– Негізі бұл өлеңді, бұл хитты Альтаир, Алиби екеуі жазды. Мен машинада кетіп бара жатамын өз жұмыстарыммен Астанада. Бір кезде Даур деген досым қосады осы өлеңді. И анау әуенді естіп кәдімгідей рахаттанамын. Қайта қайта тыңдай беремін. Одан кейін жарты сағатта балалармен хабарласып, мен өзімнің ұсынысымды тастадым.

Нәтижесінде кіші Нұртастың ұсынысымен көп ұзамай топ құрылады. Ұжымның аты жігіттердің есімдерінің әріптерінен құралған. Яғни «AlZaBi» Альтаир, Заңғар және Әліби есімдерінің қосындысы. Бүгінде жігіттердің көп трегі хитке айналған.

AlZaBi тобы:

– Бұның ешқандай сыры жоқ деп ойлаймын. Жалпы мұндай хиттар күнде келе бермейді да ойға. Шабыт мұндай хиттарға күнде келе бермейді.

Еске салсақ, ұжым тырнақалды бейнебаянын да ерекше етіп таспалаған еді. Тіпті, жігіттер бұл креативі үшін тыңдарманынан таяқ та жеп алған болатын.

Бүгінде «AlZaBi» жігіттерінің жоспары келелі. «Бастысы бір орында тоқтап қалмаймыз», - дейді олар.

AlZaBi тобы:

– Біз ешқандай тобымыздың атын өзгертпейміз. Біз өзіміздің тобымыздың атын жақында трендке айналдырамыз.