«Nomad Stunts» каскадерлар ұжымы Марвелмен таласқа түспек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық «Nomad Stunts» ұжымы каскадерлар арасында «Оскармен» пара-пар «Таурус» премиясының номинанты атанды! Ат құлағында ойнайтын жігіттердің «Томирис» фильміне қойған трюктары үздік деп танылуы әбден мүмкін. Жігіттер бұл сайыста Марвелдың өзімен бәсекелес атанды!

Жайдарбек Күнғожиновтың «Nomad Stunts» ұжымы АҚШ-тың каскадерлар академиясы ұйымдастыратын «Таурус» премиясының шорт-тізіміне енді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл шара фильмдегі үздік трюктерді анықтауға бағытталған.

Отандастырымыз бұл сайыста «Шетелдік фильмдер арасында үздік трюктар қойылымы» аталымы бойынша бақ сынайды. Онда сондай-ақ, «Капитан Марвел», «Джон Уик 3», «Форсаж: Хоббс және Шоу», «Терминатор: Қара тағдыр» ленталары да үміткерлер тізімнде. Еске салсақ, «Nomad Stunts» каскадерлары бұған дейін «Disney», «Netflix» сынды әйгілі компаниялармен жұмыс істеп келген.

Төреғали Төреәлінің туған қарындасы Фариза тұрмысқа шықты! Бикеш өзінің сүйіктісі Дархан Нортаевпен заңды түрде некесін қидырғанын мәлімдеп, сүйінші сұраған. Еске салсақ, Ұлы дала баласының ет жақыны жыл басында ғашығынан ұсыныс алған еді. Сылқымның жүрегін жаулаған сері джиу-джитсу шебері. 22 жастағы Дархан Нортаев 2018 жылы Азия бойынша чемпион атанған-ды.

Айқын Төлепберген тик-токка арнап ән шығарды! Өнер иесі трендке айналған қосымшаның құрметіне туынды ұсынбақ. Ал су жаңа тректі жазу үшін Төлепберген өз үйін кішігірм студияға айналдырған көрінеді. Айқынға бұл мәселеде кенже қызы Айя жәрдемдесіп жүр. Әнші желіде: «кішкентай ханшайымыма диджейлікті сеніп тапсырдым», - деп қалжыңдады